Салық, Компания,Қызметші. 26 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 декабря, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️

1️⃣ Alibaba, Apple мен Google Қазақстан бюджетіне 70 млрд теңге салық төледі

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Айта кетсек, 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілді, ол «Google салығы» деген атаумен белгілі. Бұл жаңашылдық электронды саудамен айналысатын және жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдардың салықтық міндеттемелерін реттеуге бағытталған.

«Бүгінгі таңда 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа да ірі ойыншылар бар. Төленген салықтардың жалпы сомасы 70,0 миллиард теңгеден асты. Шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Салық кодекске қосымша өзгерістер енгізілді. Егер шетелдік компания тіркелу жөніндегі міндеттемелерін орындамаса, оның Қазақстан аумағындағы қызметін бұғаттауға шейін мүмкіндігі қарастырылған», делінген хабарламада.

Осылайша, «Google салығын» енгізу және одан әрі дамыту ұлттық экономиканың мүддесін қорғауға және нарықтың барлық қатысушыларына әділ жағдай жасауға бағытталған. Бұл шаралар салықтық тәртіпті нығайтуға және Қазақстандағы электронды сауданың ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.

Олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu да бар😮

2️⃣ Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Енді Қазақстандағы әуе компаниялары да тексеріледі

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жергілікті сипаттағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Енді Қазақстандғы әуе компаниялары тексеріледі.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновке вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты болған жерде үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есеп берді.

«Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен түскен. Жағдай тұрақталғаннан кейін олар профильдер бойынша ауруханаға жатқызылды, науқастар толық көлемде ем алуда», — деді Олжас Бектенов.

Қазақстандық мамандардан бөлек Ресей ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан санитарлық авиация бригадасы да келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.
Көлік министрлігі де Әзербайжан үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer компаниясы келеді деп күтілуде.
Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айтуынша, бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді.
«Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралар шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет», — деп атап өтті премьер-министр.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Әзірбайжан астанасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Сақтықта қорлық жоқ!👍

3️⃣ Мемлекеттік қызметшілер үшін қатаң жазалау шарасы алынып тасталады

Сенат депутаттары мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді мақұлдады. Бұған дейін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған азаматтарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынған еді. Жаңа заң бойынша бұл шектеу алынып тасталып, оның орнына белгілі бір мерзімдік шектеулер енгізілмек.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтің айтуынша, тәртіптік теріс қылықпен жұмыстан босатылған азаматтар мемлекеттік қызметке тек екі жылдан кейін қайта орналасу мүмкіндігіне ие болады.

“Егер мұндай азаматтар басшылық қызметке орналасқысы келсе, екі жылдық шектеуге қоса үш жылдық қосымша мерзім қарастырылған. Нәтижесінде, жалпы шектеу мерзімі бес жылды құрайды”, – деді ол Сенат отырысында.

Мүксімовтің айтуынша, егер тәртіп бұзушылық қайталанса, үш жылдық қосымша шектеу мерзімі қосылады.

Сонымен қатар, заңға сәйкес өкілеттігі тоқтаған судьяларға қандай да бір шектеусіз, қызметтен кеткеннен кейін бірден мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі беріледі.

Бұған не дейсіз?🤔