Салық, Парасат Нұрғалиев, Вагнермен. 20 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Атыраулық алып жігіт Парасат Нұрғалиев еліміздің рекордтар кітабына енеді.

Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлімдеді.

Ол «Таңшолпан» бағдарламасының студиясында алып жігіттің бойын өлшеді. Көрсеткіш – 218,5 см.

«Парасат Нұрғалиев Қазақстан рекордтар кітабына «Елміздегі ең алып адам» ретінде енеді. Бір ерекшелігі, оның аяғының өлшемі болып отыр. Қазір аяғының өлшемі – 56 см. Бұл да рекордттар кітабына тіркеледі», -деп мәлім етті Қуандық Құдайбергенов.

Қазір ең алып жігіт – Парасат Нұрғалиев Индер ауданының Құрылыс ауылында анасымен бірге тұрады.

Аяғының өлшемі – 56 см екен😮👍

2️⃣ Қазақстандық студент «Вагнермен» өз еркімен келісімшартқа отырған.

📌 Бұған дейін БАҚ-та наурыз айында 23 жастағы қазақстандықты – Томск университетінің студентін әскер жасақтаушылар күштеп алып кеткені туралы жазылған болатын. Ал сәуір айының ортасынан бері ол ұрыс болып жатқан аймақта жүрген көрінеді.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қолда бар мәліметке сәйкес, азамат өз еркімен «Вагнер» жеке әскери компаниясымен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі елшілік туыстарының алғашқы өтініші бойынша Ресейдің құзырлы органдарына сұрау жолдаған», – деп хабарлады sputnik.kz тілшісіне сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, ақпарат тексеріліп жатыр. Консул қазақстандықтың туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.

3️⃣ Енді саңырауқұлақ пен жидек терген қазақстандықтар жаңа салық төлейді.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында өсімдік, жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ жинаған кезде ғана салық төленеді.

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады. Өсімдіктердің жабайы түрлерін жинау кезінде алынады», – делінген ақпаратта.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары өсімдік түрлерін, өсімдіктің жабайы түрлерін жинаудың бір келісі үшін төлемақы мөлшерін белгілейді. Сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.
Өсімдіктердің жабайы түрін жинайтындар өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.
Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.

Заңды ескере жүріңіз☝🏻