Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Apple компаниясының төртінші тоқсандағы табысы 94,9 миллиард долларға жетті
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Apple компаниясы 28 қыркүйекте аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсанының нәтижесін бейсенбі күні жариялады. Компанияның кірісі 6%-ға өсіп, 94,9 миллиард долларға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш.
Дегенмен, тоқсандық таза пайда өткен жылғы 22,96 миллиард доллардан 14,74 миллиард долларға дейін төмендеген. Акцияларға қатысты тарату пайдасы өткен жылғы $1,46-дан биыл $0,97-ға азайды.
iPhone сатылымы өткен жылы 43,81 миллиард долларды құраса, биыл 46,22 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, Mac сатылымы 7,61 миллиард доллардан 7,74 миллиард долларға, ал қызметтерден түскен табыс 22,31 миллиард доллардан 24,97 миллиард долларға өсті.
Қаржылық есеп бойынша Apple компаниясының Үлкен Қытай аймағындағы сатылымы бір жыл бұрын 15,08 миллиард долларды құраса, биыл 15,03 миллиард долларға азайды.
Apple бас директоры Тим Кук мәлімдегендей, компания төртінші тоқсандағы табысты жаңа рекордтық деңгейге жеткізген. Жалпы табыс 94,9 миллиард долларды құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 6%-ға артқан. Осы тоқсанда тұтынушыларға жаңа iPhone 16 желісі, Apple Watch Series 10, AirPods 4 және есту мен ұйқы апноэсын анықтауға арналған жаңа мүмкіндіктер ұсынылды.
Жаңа рекордтық көрсеткіші екен🔥
2️⃣ Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Бішкекте өтеді
6 қарашада Қырғызстанның астанасында Түркі мемлекеттері ұйымының 11-ші саммиті «Түркі әлемін күшейту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлы болашақ және баршаға қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.
Қырғыз Республикасының Президенті әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің ақпаратына сәйкес, саммиттің жұмысына ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары мен ұйымға бақылаушы мемлекеттердің жетекшілері қатысады.
• Мемлекет басшылары Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, ұйымның қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ, саммиттің қорытынды декларациясы секілді бірқатар көпжақты құжаттарға қол қою мәселелерін талқылайды. Саммиттің қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына 2025 жылы төрағалық ету Қырғыз Республикасына беріледі. Қырғыз Республикасының ұйымдағы алдағы төрағалығы кезеңінде мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту, экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктер құру және өңірде өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған, — деді Мұратбек Азымбакиев.
Бұған дейін хабарланғандай, 5 қарашада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. 6 қарашада түрік басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.
Мұнда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған төбе көрсетеді👍
3️⃣ Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды
Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:
* №245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45 — 23:00.
* №254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50 — 23:00.
* №239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30 — 23:01.
Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, «Onay» жүйесі қолданылады.
«Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониторинг нәтижелеріне сәйкес түзетіледі.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен былтыр 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды», — делінген хабрламада.
Алматылықтар үшін жақсы жаңалық😍