Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ Самокат мінетіндерге талапты күшейтетін заң қабылданды.
Қазақстанда электр самокатпен жүретіндерге бірқатар талап қойылады. Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.
Заң жобасына сәйкес,:
электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады:
жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады:
электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады;
Самокатты шлемсіз айдағаны және жолаушыларды тасымалдағаны үшін қандай жазалар бекітілді?
▪️ Шлем болмағаны үшін – ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 10 мың теңге, яғни 23 доллар.
▪️Жолаушылар мен жүктерді тасымалдағаны үшін – 5 АЕК. Яғни 17 250 теңге – 40 доллар көлемінде айыппұл.
🛴 Енді электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады.
2️⃣ Қазақстандық параспортшылар әлем кубогынан 32 медаль жеңіп алды.
Грузияның Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы мәресіне жетті.
Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 32 медаль еншіледі: 11 «алтын», 12 «күміс» және 9 «қола», деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүлделі болған спортшылар:
1.Әйгерім Айдарқызы – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын еншіледі. Ересектер арасында 2-орын және үш тәсілдің қосындысы 2-орын иеленді.
2.Алина Солодухина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын алды.
3.Фариза Толжан – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын.
4.Айжан Берімқұлова – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын, аралас командалық жарыста 3-орын иеленді.
5.Гүлім Құрманбаева – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша 3-ші орын.
6.Раушан Қойшыбаева – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын. Ал әйелдер командалық жарысында – 3-орын.
7.Мөлдір Маханбетова – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 3-орын.
8.Ерболат Кәрібай – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
9.Жақсылық Баққожа – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
10.Рахметжан Хамаев – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
11.Әділжан Баутов – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
12.Снежанна Бойко – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1- орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.
13.Зарина Әшір – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.
Құтты болсын!🔥👏🏻👏🏻
3️⃣ Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы күрт төмендеуі мүмкін.
Бұл туралы бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын (бұдан әрі — Әдістеме) зерделеді.
«Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген», — делінген хабарламада.
📌 Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр.