Самокат, Теннис, Үндістанның студенттері. 14-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 июня, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✅

1️⃣ Қазақстанда электросамокаттың ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін болуы мүмкін.

Қазіргі таңда техникалық талаптары талқыланып, ұлттық стандарты әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институтының комитет төрағасы Ербол Сейпілов айтты.

Жылдамдықты шектеудің басты себебі – Қазақстанда самокатшылардың жиі апатқа ұшырауы.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда электросамокатпен 68 апат болып, бір адам көз жұмған. 71 адам зардап шеккен.

Егер ереже енгізілсе, электр скутер өндірушілері көлікке арналған нұсқаулықта жүргізушінің салмағы, жасы, бойы бойынша нормаларды қарастыруға тиіс. Сонымен қатар самокаттың өзінде таңбалау, жарық шағылыстырғыш, фаралар болуы керек.

🛴 Жаңа ережемен келісесің бе? Күнделікті өмірде самокат қолданасың ба?

2️⃣ Теннистен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің жаңа нұсқасы жарияланды. Мұнда Қазақстанның үздік теннисшісі Жібек Құлымбаева бірден жеті сатыға көтеріліп, жаңа рекордына қол жеткізді.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке сырғыды.

Құттықтаймыз! 💐💐💐

3️⃣ Үндістанның 200-ге жуық студенті Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, Үндістан үкіметі Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасаған.

Ажар Ғанияттың мәліметінше, Украинада Үндістанның 20 мыңнан астам студенті далада қалған. Енді олар көмек беруді өтініп отыр. Осыған орай еліміздегі медициналық университеттер көмектесуге дайын екенін айтқан. Нақтырақ айтсақ, 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді.