Санжар Хамиев, Азамат сапар, Футбол. 24-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Санжар Хамиев халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанғаны үшін 4,5 миллион теңге сыйақымен марапатталды.

12-сынып оқушысы географиядан IGeO-2022 халықаралық олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алған. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оған сыйақыдан бөлек, өзі қалағаг жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.

Құттықтаймыз! 😍👍

2️⃣ Шымкентте өткен республикалық Tartyl Fest фестивалінде Азамат Сапар есімді жігіт турникке 41 рет тартылып, рекорд орнатты. 💪🏻

Кермеге тартылудан фестивальге қатысуға екі мыңнан аса адам өтінім берді. Турнирдің ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең үлкені – 61 жаста.

Ұйымдастырушы – Президент жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының» мәліметінше, Шымкентте өткен фестивальде Tartyl Fest-тің жаңа рекорды тіркелді.

Ал сен бұл фестивальде бағыңды сынап көрдің бе? 👀

3️⃣ «Барселона» жолдастық кездесуде мадридтік «Реалдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, матчте «Барса» сапында поляк шабуылшысы Роберт Левандовски негізгі құрамда ойнады.

Сен қай топтың жанкүйерісің?)