“Сары” аймақ, құрбандық шалу, Мақсат Исабағылов. 4-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!

1️⃣ Алматы «сары» аймаққа өтті. Сол себепті жаңа қаулы бойынша 7 шілдеден бастап жабық ғимараттарда маска тағу ұсынылды.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі. Қаулыға сәйкес:

КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болғандардщы қашықтан жұмыс істеуге және медициналық бақылауға ауыстыру;

7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы денгейінде ауырлығы жеңіл және асимитоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Сақтанып жүрейік!🙌🏻

2️⃣ Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін qurban2022.kz сайты іске қосылды.

Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді.

«Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты», – деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Онлайн құрбан шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті ақшаны аудара алады. Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

3️⃣ Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атанды.

Ол қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ХІ республикалық турнирінің жеңімпазы болды.

Оған 25 миллион теңге, сондай-ақ алтын белбеу мен ауыспалы алтын «Тайтұяқ» табысталды.

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻