Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қазақстандық жасөспірім Сауат Нұрғалиев алтын алды.
Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Жарыс қорытындысы бойынша Сауат Нұрғалиев жеке есепте алтын медаль жеңіп алды, ал Иманғали Ақылбай қола жүлдегер атанды. Жарыс жүлдегерлерімен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кездесті.
«Көптеген ірі халықаралық жарыстарда қазақ шахматшылары жеңіс тұғырынан көрініп келе жатқаны қуантады. Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да соның айқын дәлелі. Бұл жетістік — балалардың, және олардың жаттықтырушылары мен федерацияның ауқымды әрі қажырлы жұмысының нәтижесі. Дәл осындай жеңіс шахматпен айналысуға түрткі болып, жеткіншектерімізді жігерлендіреді», — деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, жалпы командалық есепте қазақ спортшылары Үндістан мен Иранның командаларын басып озып, төрттікке кірді.
Құтты болсын! 😍👏🏻👏🏻
2️⃣ 25 қазан Астана уақыты бойынша 15:00-19:01 аралығында Қазақстанда Күннің жартылай тұтылуы болады.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовник қазақстандықтардың бұл құбылысқа қалай дайындалғаны дұрыс және биылғы күннің тұтылуының ерекшелігі неде екенін түсіндірді.
Тұтылу Еуропаның басым бөлігінен, Солтүстік және Шығыс Африкадан, Таяу Шығыстан, Азияның батыс бөліктерінен және Гренландия мен Гернси аралдарынан көрінеді.
Бұл уақытта Ай Күнді 60-80%-ға дейін жауып тұрады. Мұндай құбылыс соңғы рет 2004 жылы 14 қазанда болған.
Астрономияда мұны «сарос» деп атайды.
Күн тұтылуының максималды фазасы Астанада байқалады. Елордада күн тұтылу 16:06-да басталады, максималды фразасы (83%) 17:17-де көрінеді.
Жалпы күннің тұтылуын көріп пе едің?🤔
3️⃣ Бүгін Алматыда «Ашық аспан» науқаны аясында, әлемдік рекорд орнатқан кәсіби парашютист Қазақстан Республикасының ең үлкен мемлекеттік туымен секірді.
Байрақтың көлемі 800 шаршы метр болды (салыстыру үшін: Астанадағы бас флагштоктағы байрақтың көлемі — 450 шаршы метр). Ту осы ерекше оқиға үшін арнайы дайындалып, нәтижесінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Парашютист секірген биіктік 3 000 метрді құрады, бұл — таудағы ең атақты Шымбұлақ шипажайынан да биік.
«Бүгін біз Алматы аспанында мемлекеттік байрағымыз түріндегі шынайы суретке куә болдық. Мен осы сәтті көзіммен көріп, мезетті, елімнің ынтымағы мен асқақтығының рухын сезіну бақытына ие болдым», — дейді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Науқанды ұйымдастырған кәсіпкер Жомарт Қияс бастаған белсенді топ болатын. Олардың бастамасын түрлі сала өкілдері, бей-жай қала алмайтын Қазақстан азаматтары қолдады. Бұл жандар еліміздің мәдени-спорттық және экономика салаларын дамытып қана қоймай, әлеуметтік және қоғамдық өміріне де ат салысып жүр.
Жомарт Қиястың айтуынша, бұл науқанның мақсаты – барша қазақстандықтың патриоттық рухын көтеріп, нығайту еді, сонымен бірге — ұлтына, дүниетанымына қарамастан бірі біріне төзімділік танытуды дәріптеу болатын.
Тамашалай алдың ба?😍