Сауат Нұрғалиев,Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Биатлон.12-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣Қазақстандық жас шахматшы Сауат Нұрғалиев Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс 1-11 қазан аралығында Әзербайжанда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Соңғы айналымға дейін медаль үшін күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ақылбай, алтынды Сауат Нұрғалиев иеленді», – дейді команда капитаны Павел Коцур.
Қазақстандық жасөспірімдер 12 және 14 жастағы спортшылармен ойнаған.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни президент Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатын тамашалауға шақырды.

Президент мырзаны футбол чемпионатына келуге шақырамын. Қазақстанда ол уақыттарда президент сайлауы, көптеген саяси науқан жүріп жататынын білемін. Бірақ осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін», – деді шейх Тәмим Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Айта кетері, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатар елінде өтеді.

11 қазанда Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Бүгін президент Ақордада оны салтанатты түрде қарсы алды. Қатар әмірі мен Қазақстан президенті шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Ал футбол қараша айында басталады.🔥😍

3️⃣ Қазақстанда алғаш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл жарыс 2023 жылдың 4-12 наурызында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында ұйысдастырылады.

Қазақстан биатлонистер одағының мәліметінше, елімізге әлемнің ең мықты жас биатлоншылары келіп, бес түрлі спорт түрінен жарысады. Осылайша 18 жарыста жүлделі орындар сарапқа салынады. Оған 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп болжанды.

Біз мұндай ауқымды шараны Қазақстанда алғаш рет өткізіп отырмыз. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу – Қазақстанның биатлон тарихындағы маңызды кезеңі. Бұл шара елімізде балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына серпін береді деп ойлаймыз.

Ал сен биатлонға қатысасың ба?🤔