Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстанда енді мүмкіндігі шектеулі жандар ұшақ билетінің 50%-ын ғана төлеп, саяхаттай алады.
Қазақстандық лоукостер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (1 топ) және жанына еріп жүрген бір адамға Қазақстан бойынша әуе билетіне 50% жеңілдік ұсынады. Бұл туралы AMANAT партиясы мәлімдеді.
Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев ерекше қажеттілігі бар адамдардың мәселесін жиі қозғап, оларға әуе билетіне жеңілдік қарастыру керек екенін депутаттық сауалдарында көтерген еді.
«Менің алғашқы депутаттық сауалымның бірі мүгедектігі бар жандарға әуе билетіне жеңілдіктің жоқтығы жайлы болды. Осы мәселе бойынша Парламент қабырғасында тақырыптық отырыс ұйымдастырдым. Оған мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты. Әуетасымалдаушылардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер жариялады», — деп жазды Ерлан Әбдиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, еліміз бойынша «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр.
Жобаның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олар үшін кедергісіз орта құру.
Бұдан былай ұшақ билеті бағасының жартысын ғана төлеуге болады. 📌
2️⃣ Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады.
Айналма жол салтанатты түрде 16 шілдеде ашылған болатын.
Ақылы жолдың өкілдері жол жүру құны автокөліктің салмағына қарай бір сапар үшін 200 теңгеден 2500 теңгеге дейін баратынын мәлімдеді.
Жол жүру құны:
жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 414 теңге (0,12 АЕК);
32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 759 теңге (0,22 АЕК );
жолаушылар орны 32-ден көп автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1242 теңге (0,36 АЕК );
жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1483,5 теңге (0,43 АЕК);
жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері, тартқыштары бар жүк көліктері – 2484 теңге (0,72 АЕК).
Ақылы жолды жиі пайдаланасыз ба?🤔
3️⃣ «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрхан Тілеумұратов өз ауылына әкім болып тағайындалды.
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Хромтау ауданының әкімі лауазымына Нұрхан Тілеумұратов тағайындалды.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгін аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Нұрхан Жасұланұлы 1991 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2013 және 2015 жылдары Халықаралық бизнес университетін, 2017 жылы Ұлыбританияның Уорвик Университетін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2019 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.
Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻