Саясат Нұрбек, Курстар, Жөндеу жұмыстары.13-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 сентября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Ғылым және жоғары білім министрлігі Саясат Нұрбек жатақханасыз қалған студенттер үшін 24 сағат бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылғанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, қазір жатақхана орындарының тапшылығы Алматы қаласында қатты сезіледі. Себебі мегаполисте 35 университет шоғырланған. 200 мың студент білім алады, оның 70%-і өңірлерден келгендер.

«Қазір ең үлкен мәселе – Алматы қаласында. Шамамен 19-20 мың төсек-орын жетіспей тұр. Студенттердің отыз пайызы Алматыдан, жетпіс проценті басқа өңірлерден. 2026 жылға дейін жатақхана орындарының жетіспеушілігін 70-80% жабу жоспарда бар. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз», — деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.

Ол жатақханасыз қалған студенттер үшін жедел штаб құрылғанын атап өтті.
«Далада қалып қойған кез келген бала жедел штабқа хабарлассын. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді», — деді министр.

Ал сен жатақхана мәселесін шеше алдың ба?🤔

2️⃣ Қазақстанда 9 млн халық ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тегін оқыту курстарымен қамтылады.

Министрлік мәліметінше, елімізде Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту үшін негіздер қалыптастырылып, ол заңнамалық деңгейде бекітілетін болады.
Біріншіден, тегін оқыту курстарымен қамтылатын еңбекке қабілетті азаматтар санын бірнеше есе арттыру жоспарланған.
Егер бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша азаматтардың жекелеген санаттары ғана оқытылып келсе (бұл шамамен жылына 500 мың адам), енді әлеуметтік санаты мен мәртебесіне қарамастан еңбекке қабілетті жастағы барлық азамат қамтылады (бұл 9 млн адамға жуық).

Атап айтқанда, мемлекет жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жұмыссыздар мен халықтың жекелеген нысаналы санаттары үшін қысқа мерзімді тегін оқыту курстарын ұйымдастыратын болады. Бұл ретте оларға оқытудың түрлі форматтары, оның ішінде skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуды ұсыну көзделуде. Бүгінгі күні бұл платформада 151 курс орналастырылған, оның 97-нен тегін өтуге болады.
«Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жаңа технологияларды енгізуді немесе жаңа өндірістер ашуды ескере отырып, біліктілікті арттыру, қайта бейіндеу курстарын ұйымдастырады. Оқыту жұмыс берушінің таңдауы бойынша жұмыс орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарының базасында өтетін болады.

Азаматтар әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекет немесе жұмыс берушілер ұйымдастыратын тегін курстардан өте алады немесе ақылы курстарды өз қалауы бойынша таңдай алады», — делінген министрлік мәліметінде.
Екіншіден, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау көзделіп отыр. Ұлттық біліктілік жүйесін қайта жүктеу осыған бағытталған.

«Жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы білім беру бағдарламалары жаңартылатын жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады.
Кәсіби біліктіліктерді тану орталықтары кәсіби біліктіліктерді, оның ішінде ресми, бейресми және информалды білім беру арқылы алынған мамандардың жекелеген дағдыларын бағалайды және тиісті сертификаттар береді», — деді ведомстводан.

Бұл курстарды сенің де оқуға мүмкіндігің бар😍

3️⃣ Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында және 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі», — делінген хабарламада.

Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрады.

Ескере жүріңіз!☝🏻