Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Килиан Мбаппе ресми түрде “Реал Мадрид” ойыншысы атанды.
Бүгін “Сантьяго Бернабеу” стадионында 80 мыңнан астам жанкүйер футболшыны салтанатты түрде таныстыру рәсімінде төбе көрсетті.
Бұған дейін ол Францияның “Пари Сен-Жермен” клубында өнер көрсеткен еді. 2024 жылдың мамыр айында ол командадан кететінінін ресми түрде мәлімдеді.
Ал құтты болсын!🔥
2️⃣ Жұмысынан айырылған қазақстандықтардың әлеуметтік төлемдерді алу ережесі өзгерді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған жағдайда алатын әлеуметтік төлемдері жайлы мәлімдеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
— eGov.kz порталында авторизациялану;
— «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
— онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
Құлаққағыс!
3️⃣ “Серпін” бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.
Биыл “Серпін” бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр.
“Серпін” бағдарламасымен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Біз бұл талапты өзгертіп, яғни жеңілдетпекпіз. Енді түлектер “Серпін” бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеруде. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар”, — деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Жас түлектерге ескерту!📌