Шадрак Коеч, Қазақ картасы, Автркредит. 26-шы қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 сентября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Шадрак Коеч Алматы марафонында 42 шақырымды 02:21:27 уақтта жүгіріп өтіп жаңа жол рекордын орнатты.

Бұл туралы шара ұйымдастырушылары Instagram-парақшаларында хабарлады.

«Достар, жаңа рекорд. Шедрак Коеч Алматы марафонында 42 шақырымда жаңа жол рекордын орнатты: 02:21:27. Жаңа рекорд үшін, жеңімпаз 100 000 теңге көлемінде бонустық ақшалай сыйлық алды. Біз барлық мәрешілерді құттықтаймыз, жеңімпазды жаңа жол рекордымен, ал сіздерге қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», — делінген хабарламада.

Құттықтаймыз!💐💐💐

2️⃣ Жеңілдетілген автокредит қарашадан бастап қайта беріле бастайды.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

«Индустриялық даму қорының» өкілдері мәліметінше, жеңілдетілген автонесиелерді өтеу аясында енгізілген қаражат жинақталып, қараша айынан бастап жылдық 4% қайтадан кредит түрінде беріледі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумында «Индустриялық даму қоры» төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам кредит мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілген.
«Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 көлік болады», – деді Р. Ғаппаров.

Ал сен алып үлгеріп пе едің?🤔

3️⃣ Этникалық қазақтарға «қазақ картасы» беріледі.

Карта арқылы Қазақстанда бизнес аша алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

«Шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ тарихи отанымен байланыста болғысы келетін қазақтарымыз бар. Сол себепті әлемде қолданылып жүрген «Қазақ картасы» деген жаңа картаны қолданбақпыз. Ондағы негізгі мәселе – егер өз елімде тұра беремін, бірақ Қазақстанға келіп, бизнес ашып, оның дамуына өз үлесімді қосамын деген этникалық қазақтар болса, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі», — деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр мұндай этникалық қазақтар Қазақстанда 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігін беретін виза алатынын атап өтті.

Керемет!👍