Шахмат, Айбол Әбікен, Скриптонит. 31-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 31 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада 3:1 есебімен екінші мәрте жеңіске жетті.

Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті.
Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді. Ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді.

Айбол Әбікен наурыз айында Молдовамен өтетін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған. 2022 жылы ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық «Ақсу» командасында ойнаған.

Айбол Әбікен – Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы «Қайрат» сапында өткізген.


3️⃣ Скриптонит Алматыдағы концертін қаңтар оқиғасы мен Украинада қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен бастады.🙌🏻

Еске сала кетейік, Скриптониттің концерті Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

Скриптониттің концертіне бардың ба?