Шахмат, Денис Тен, Криштиану Роналду. 30-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы Гватемала шахматшыларын 4:0 есебімен жеңді.

Бұл шахматшалардың қатарында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева ойын көрсетті.

Екінші турда қазақстандық қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі.
Қазақстанның ерлер құрамасы да Тайвань шахматшыларын 3:1 есебімен жеңді.

Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!😍👏🏻👏🏻

2️⃣ Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрда көрсетіле бастады.

Фильм түсірілімі спортшының қазасынан кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды.

Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгертпеуге тырысқан.

Ал сен тамашаладың ба?)

3️⃣ «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду испаниялық «Райо Вальеканоға» қарсы жолдастық кездесуде команда сапында ойнайтынын мәлімдеді.

Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген.