Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ақылжан Мейірханұлы шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатында үшінші орын алды. Бұл туралы
Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласында 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты өтті. Онда Арал ауданындағы Ж.Әбдірашұлы атындағы №62 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Ақылжан Мейірханұлы үздік үштікті түйіндеді.
Қызылордалық жас өрен бұған дейін өз қатарластары арасында талай республикалық жарыста топ жарды. Жақында Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте 2 алтын медаль еншілеген еді.
Ақылжанды жеңісімен құттықтаймыз!🔥
2️⃣ Енді жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек.
Көлік министрі Марат Қарабаев inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті.
Биылғы маусымның басында inDrive, Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
inDrive басшысының ақпаратына сәйкес меморандум аясында қала ішіндегі және қалааралық тасымалдарда қауіпсіздікті арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілуде.
«Платформаның жүздеген жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережелері мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар тамыз айының басында Алматы-Қонаев тас жолының қауіпті учаскесінде жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбына билбордтар орналастырылды», — делінген хабарламада.
Платформа өкілі компания осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ниетті екенін айтты.
Сондай-ақ inDrive, ҚР Көлік министрлігі және ІІМ арасында жылдамдық режимі бойынша деректер алмасу мәселесі талқыланды.
Министр таксомоторлық тасымалдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың қажет екендігін атап өтті:
жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек, еңбек және демалыс кестесін және жылдамдық режимін сақтауға тиіс;
таксомоторлық тасымалдарға тартылған автокөлік міндетті түрде Қазақстанда тіркеліп, жылына екі рет техникалық байқаудан өтуге тиіс.
Министр жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қозғады👍
3️⃣ Қазақстанда онлайн несиелерге тыйым салу ұсынылды.
«Мұндай несиелерді алудың жеңілдігі көптеген әлеуметтік және экономикалық проблемаларға алып келеді. Даму және цифрландыру тұтастай алғанда ақпарат пен қаржылық қызметтерге қолжетімділікті жақсарта отырып, қоғамға оң әсер етеді. Алайда, қоғам ретінде бұл сын-тегеуріндерге дайын емеспіз және азаматтарды онлайн кредиттердің теріс салдарларынан қорғау үшін несие беруді реттеудің неғұрлым қатаң шараларын әзірлеп, МҚҰ мен МКҰ қызметіне бақылауды күшейтуіміз қажет», — делінген петицияның сипаттамасында.
Петиция авторлары мынадай ұсыныстар енгізді:
* Қазақстан аумағында онлайн-кредит беруге тыйым салу.
* Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін микрокредит беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.
Бұған не дейсіз?🤔