Шавкат Рахмонов, Лионель Месси, Азия балалары. 5 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Шавкат Рахмонов UFC-дің жеңіліп көрмегендер арасындағы ең үздік спортшысы атанды.

Ол «Номад» Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 285 турнирінде үшінші раундта америкалық Джефф Нилден басым түсіп, өз рекордын 17-0 көрсеткішіне дейін жоғарылатты.

Бұл – қазіргі уақытта UFC ростеріндегі барлық жеңілмеген файтерлер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Шавкат Рахмонов бүгінгі жетістігінің арқасында Мовсар Евлоев (16-0) пен Умар Нурмагомедовтан (16-0) озып кетті.
Сондай-ақ, Шавкат басты бәсекелестеріне қарағанда жекпе-жегінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтағанын айта кеткен жөн.

Бүгін спортышымыз мансап жолындағы 17 жеңісіне қол жеткізді.🔥🔥🔥

2️⃣ Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 6-орын алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, 10 күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс және 6 қола медальге қол жеткізіп, жалпы есепте 6-орын алды. Жалпы Кузбастағы ойындарға 5 спорт түрінен 58 спортшымыз қатысты.
Турнир барысында Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру, К-40), Мейіржан Төлеген (шорт-трек), Варвара Глухова (конькимен жүгіру) чемпион атанды.

Мейіржан Төлеген (шорт-трек, 1500 м), Илья Шильников (шаңғымен тұғырдан секіру, К-40), эстафетада ерлер құрамасы (шорт-трек), аралас командалық сында Илья Мизерных пен Софья Шишкина (шаңғымен тұғырдан секіру), спринтте ерлер құрамасы (конькимен жүгіру) күміс жүлдегер атанды.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Лионель Месси аргентиналық клуб деңгейіндегі 1000-шы нәтижесін бағындырса, Килиан Мбаппе ең мықты бомбардир атанып жаңа рекордқа қол жеткізді.

Бұл рекордты олар Франция чемпионатының 26-туры аясында «Нантқа» қарсы ойында бағындырды. 35 жастағы аргентиналық матчтың 12-минутында есеп ашып, мансабындағы 1000-шы тиімді нәтижесін тіркеді. Ол «Барселона» мен «Пари Сен-Жермен» сапында 841 рет ойынға қатысып, 701 гол соғып, 299 рет пас берген.

Ал Килиан Мбаппе «Нант» қақпасына допты дөп соғып, «париждіктер» тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.

Сен қай футболшының жанкүйерісің?😍