Шавкат Рохмонов, UFC, Мохамед Салах. 26-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 июня, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, бүгін спортқа байланысты бірнеше жағымды жаңалық орын алыпты. Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!😍

1️⃣ 27 жастағы қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.🔥 Ол UFC Vegas 57 турнирінің екінші раундында америкалық Нил Магниді жеңді.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Ал Рахманов екінші раундта-ақ қарсыласын жеңді.

Шавкат 16 кездесудің бәрін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтады. Қазір UFC-де 19 жеңісі мен 8 жеңілісі бар.

2️⃣ Сондай-ақ 33 жастағы Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайваны жеңіп, UFC-де екінші рет жеңімпаз атанды. ✊🏻

Оның ММА-де 18 жеңісі мен 5 жеңілісі бар.

Қазақстандық спортышының бұл UFC-дегі төртінші жекпе-жегі. Сонымен қатар екінші жеңісі. Кейінгі кездесуде ол жеңіліп қалған болатын. Ал қарсыласы Пайва қатарынан екінші рет жеңіліп отыр.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Англиялық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах жазғы трансфер кезеңінде мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін.

The Sun басылымының мәліметінше, «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньес «Ливерпульге» ауысқаннан кейін мерсисайдтықтар қазіргі келісімшартының соңғы жылын аяқтап жатқан Салахпен 70 миллион еуроға қоштасуға дайын. Мысырлық ойыншыға басты үміткер — мадридтік «Реал».

Сен бұған қалай қарайсың? 🤔