Схема, Саясат, Чемпионат. 18 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Қыркүйек, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Әділет министрлігі қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схемасы туралы үндеу жолдады.

Cоңғы кездері алаяқтар өздерін әділет органдарының өкілдеріміз деп таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін сұрай бастаған. Әділет министрлігі осындай алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады.

Ведомство мәліметінше, өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның айтуынша, алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрлігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда. «Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет», – делінген хабарламада.

Абай болыңыздар!📌

2️⃣ Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион құпия іс ашылды.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиямымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді.

Бас прокуратураның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.

Бұлардың барлығы 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты іс.✔️

3️⃣ Азия чемпионатында елордалық спортшылар 20 жүлдеге ие болды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында 15-17 қыркүйек күндері Грэпплинг Aiga спорт түрінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Елордалық құрама команда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1200 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.

Құтты болсын!🔥👍