Шетелдік көлік, Жеңіс диктанты, Оқу министрі. 3-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Шетелдік көліктер 200-250 мың теңгеге рәсімделеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

Мемлекет басшысы соңғы жолдауда 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге рұқсат берді. Бір реттік шара аясында утилизация мен алғашғы тіркеу үшін бірыңғай алым енгізіледі. Оның мөлшері 200-250 мың теңгеден аспауы керек.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, осы бастаманы іске асыру тиісті актілерді қабылдау керек.

«Мемлекет басшысы айтқандай бірыңғай төлемнің мөлшері 200-250 мың теңге болады. Біз тиісті шешімді әзірлеп, нормативтік актілерді қабылдаймыз. Соның негізінде президенттің тапсырмасы орындалады. Әзірше, тәртібі дайын емес. Кейін мемлекеттік органдар барлық ақпаратты таратады», – деді Скляр журналистерге берген сұхбатында.


2️⃣ Қазақстандықтар «Жеңіс диктантын» жазды. Яғни, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Теміртау және басқа да бірқатар қалада диктант алаңы құрылды.

«Жеңіс диктанты» алғаш рет 2019 жылдың 7 мамырында өтті. Ол кезде диктант Ресейді қосқанда 24 мемлекетте өтті. Оған 9 бен 90 жас аралығындағы 150 мыңнан астам адам қатысты. Осыдан кейін жыл сайын Жеңіс диктантын өткізу туралы шешім қабылданды», – деді Ольга Скальчук.
Акция Қазақстанның көптеген өңіріндегі кітапханаларда, университеттерде, мектептерде, мәдениет ошақтарында, сондай-ақ онлайн форматта өтті. Диктантқа қатысушылар әскери-тарихи тақырыпта 25 тапсырма орындады.

Диктанттың барлық қатысушысына сертификат беріледі. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар барлық сұраққа дұрыс жауап берген талапкерлер ресейлік жоғары оқу орындарына түсу кезінде қосымша балл алады.

Сен жаздың ба?🤔

3️⃣ Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов президент тапсырмасы бойынша биыл жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика мен ағылшын тілін оқытуды күшейтілетінін және сағат саны қосылатынын жеткізді.

«Президент жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырды. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары бағдарламада ұлғаяды. Оқу бағдарламалары жаңартылады», – деді Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, төменгі сыныптардан бастап ағылшын тілін оқыту сағаттары көбейеді.
«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті жағдай жасау бойынша іс-шараларды қабылдаймыз», – деп атап өтті министр.

Сен қай пәннің күшейтілгенін қалар едің?🙂