Бәріне сәлем!
Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Шыңжаңдағы қазақ қызы 6 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті.
Қытайдағы қандасымыз Кәусар Қизатқызы 15 мамырда Қытайдың Шыңжаң қаласынан жолға шығып, 28 шілдеде Үрімжі қаласына жетті.
22 жастағы Кәусар биыл осы қалада жоғары оқу орнын бітірген. Оның айтуынша, бұл сапарын жастық шағының бір белгісі ретінде қалдырғысы келген.
Спортқа деген махаббатты айтсаңызшы!😍😍😍
2️⃣ Жетінші қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалған студент марапатталды.
Ол — Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университеті дене шынықтыру факультетінің студенті Ерасыл Махмұд.
Төтенше жағдайлар департаменті министр Юлий Ильиннің бұйрығы бойынша баланы аман алып қалғаны үшін 18 жастағы жігітті «Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Ал сенің қолыңнан мұндай ерлік істеу келе ме?⬇️
3️⃣ Геннадий Головкин төрт жыл ішінде қалай өзгергені туралы айтып берді.
Головкин Сауль «Канело» Альвареспен рингте алғаш кездескеннен кейін, жалпы 40 жастан асқанда өзін басқаша сезінетінін айтты.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста үшінші рет жекпе-жекке шығады. Бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.
Головкинді қолдайсың ба?🤔