Шырша, Моана, Лимон. 3 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 декабря, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️

1️⃣ Соңғы бір аптада ең көп касса жинаған фильмдердің тізімінде “Моана 2” 718 миллион теңгемен көш бастады

Аталған көрсеткішті Ticketоn сайты жариялады.

Мәліметке сүйенсек, екінші орынға “Таптым-ау сені 2” фильмі орныққан. Оның кассалық табымы 579 277 378 теңгені құрады.

Ал “Гладиатор 2” фильмі 98 424 695 теңге табысымен үшінші орынға жайғасты.

“Злая: Сказка о ведьме Запада” фильм 41 237 170теңге табыс тауып, төртінші орынға шықты.

“Миссия: Красный” 21 773 960 теңге кассалық табысымен тізімде бесінші орында тұр.

Бұл жолы “ЗаманBack” отандық фильм 15 142 140теңге жинады.

“Веном: Последний танец” табысы 14 064 180 теңгемен жетінші орынға ие болды.

“Нурикамал” фильмі осы аптада 13 221 624 теңге кассалық табыс тапты.

Ал “Кеттік бәрін таста” тоғызыншы орынға 12 956 450 теңгемен тізімді қорытындылады.

Тамаша! Сіз мультфильмді тамашаладыңыз ба?😍

2️⃣ Мектептерде жаңажылдық шыршаға ақша жинауға тыйым салынды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

“Мектепте ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл ереже мектеп бітіру кешіне де, жаңажылдық шыршаға да қатысты. Барлық шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Қазіргі уақытта іс-шаралар ‘Біртұтас тәрбие’ бағдарламасы аясында жоспарланып отыр,” – деді Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте.

Министр сенбілік пен шыршаны қосымша шығынсыз өткізуге болатындығын атап өтті. Сонымен қатар ол мұғалімдерге тек рұқсат етілген мөлшерде гүл сыйлауға болатынын айтты.

“Мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді. Біз балаларды оқытып, тәрбиелегеніміз үшін материалдық ынталандыруды қажетсінбейміз. Егер білім беру мекемелерінде мұндай жағдай орын алса, біз тиісті шаралар қабылдаймыз,” – деді министр.

Басқа да шараларға ақша жинауға рұқсат етілмеген✔️

3️⃣ Астанада 5-сынып оқушылары екі жылдан бері баптап өсірген лимон ағаштары жеміс бере бастады

Астанадағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары “Жасыл клуб” жобасы аясында “Жасыл мектеп” жылыжайында екі жылда бір рет жеміс беретін лимонның күтімін өздері жасап, бүршік жарғанын асыға күткен. Мектеп оқушылары бұдан бөлек, жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз өсіруде.

Қала әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бос уақыттарын оқушылармен бірге тиімді пайдаланатын жоба жетекшілері де өсімдіктерге күтім жасайды.

Керемет!👍