Үсік, Теннис, Гугл.27 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 сентября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Үстел теннисінен 17 жастағы Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender 2024 турнирінің жеңімпазы атанды

Туринир Сауд Арабиясының Даммам қаласында өтті.

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында жекелей сында барлық қарсыластарын жеңіп, алтын медаль жеңіп алды.
Әлемдік рейтингіде 195-орында тұрған отандасымыз жарысты екінші кезеңнен бастап, алғашқы ойында Сауд Арабия өкілі Әли Алтайрды 3:0 есебімен жеңсе, ширек финалда үндістандық Сарыз Мишраны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, Алан Құрманғалиев жартылай финалдық және финалдық бәсекеде Үндістан өкілдері Джаш Моди мен Анкур Бхаттачаржиды жеңді.

Құтты болсын!🔥

2️⃣ Google Еуропалық комиссияға Microsoft үстінен шағым түсірді

Бұл туралы inform.kz Anadolu Ajansı-ге сілтеме жасап жазды.

Google-дың пікірінше, Microsoft тұтынушыларды Azure-ді пайдалануға және оларды экожүйесімен байланыстыру үшін өзінің нарықтық күші мен шектеулі лицензиялау шарттарын пайдаланады.
Мicrosoft әділ бәсекелестікке жол берудің орнына басқа бұлттық провайдерлерді таңдаған тұтынушыларды жазалау үшін Windows сервер бизнесіндегі ықпалын пайдаланып отыр.

Microsoft аз уақыт ішінде бұлтты есептеулер индустриясында айтарлықтай өсімге қол жеткізгені атап өтілді. Google болса бұл сектордағы сарапшылардың үмітін ақтай алмады.

Оның үстіне, бұл Google компаниясының Еуропалық комиссияға жіберген алғашқы шағымы екенін атап өткен жөн.
Бұған дейін Google Еуроодақта цифрлық жарнама үшін салынған монополияға қарсы айыппұлды жою туралы істі жеңіп алған болатын.

Оған бірнеше айып тағыпты🤔

3️⃣ Қазақстанның оңтүстік-шығысында үсік жүреді

Антициклонмен бірге түнде Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу өңіріне алғашқы аяз келеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік-батыс антициклон негізінен жауын-шашынсыз күн райын сақтап қалады. Солтүстік облыстар суық ауа райына дайын болса, оңтүстік тұрғындарын ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін ғана күтеді.

Солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен антициклон түнгі сағаттарда Жамбыл және Алматы облыстарына, сондай-ақ Жетісу өңіріне алғашқы аязды әкеледі.
Термометрлер бағаналары тек топырақ бетінде ғана емес, ауада да минус температураны тіркейді деп болжанып отыр.
Метеожағдайға келетін болсақ, синоптиктердің болжамынша, 27 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы күтіледі. Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, аздаған жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдай орын алған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Абай болыңыздар!