Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻
1️⃣ Мойнында проблемалық қарызы барлардың 96 пайызы соттан тыс банкроттық рәсімдеуі мүмкін.
☝🏻 Бұл 4,9 млн теңгеден немесе 1600 АЕК-тен аспайтын адамдар үшін қарастырылған.
Бұл ретте 365 мың адам 504 млрд теңге (немесе 27%) бес жылдан астам қарызына қызмет көрсете алмай отыр.
Осылайша, борышкердің өзі ғана бастайтын рәсімдердің үш түрін енгізу ұсынылады, яғни кредитордың борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Соттан тыс банкроттық
Қазақстан азаматы:
▪️Банктерге, микроқаржы ұйымдарына және инкассаторларға берешегі 4,9 миллион теңгеден аспайды;
▪️Ресми кіріс жоқ немесе табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды -36 018 теңгеден аспайтын азаматтар үміттене алады.
2️⃣ Енді азаматтар телефондағы QR-код арқылы электронды қолтаңбасын қоя алады.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
«Бүгінде мемлекеттік интернет-порталдарды пайдаланушы компьтерге NCALayer немесе Java сияқты қосымша бағдарламаларды орнатуға міндетті. Бұл көптеген қолданушыға қиындық тудырады. Соған орай біз бұл қиындықты әрбір адамның қолындағы мобильді телефон арқылы шешеміз. Мобильді телефонда электронды қолтаңба сақталады не болмаса онлайн режимде биометриялық біріздендіру негізінде өндіріледі», — деді министр Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның түсіндіруінше, электронды қолтаңда бұлтты форматта сақталады.
«Адам электронды қолтаңбаны қолданғысы келген кезде eGOV mobile-ді ашып, қол қойғысы келген құжатқа QR кодты бағыттайды. Сол сәтте QR-код оқып, ол құжатқа қол қоюға келісім беру түймесін басады. Қол қоюға қатысты бұл процедураның бәрі мобильді құрылғыда және серверлерде жүреді», — деді Бағдат Мусин.
Жақсы мүмкіндік болды🔥👍
3️⃣ Әскери оқу орындарына оқу тәртібі өзгеруі мүмкін.
Ең әуелі әскери оқу орнына құжат тапсыру мерзімі біріздендірілмек. Бұған дейін ол мерзімді Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi жоспарлайтын. Ал енді ресми түрде әр жылдың 1 наурызына дейін деп бекітілмек.
📍Бұйрықтағы өзгерістің ең негізгісі – жоғары оқу орнын, ЖОО-дан кейінгі оқуды бітірген адамдарға әскери оқуға ҰБТ тапсырмай-ақ құжат тапсыру мүмкіндік беру жеңілдігі.
Мұндай жеңілдікті әскери колледждердің жақсы және үздік оқыған түлектеріне де беру ұсынылып отыр. Ол үшін болашақ түлек оқу бітіретін жылдың 1 сәуіріне дейін өздері оқитын білім беру ұйымы басшысының атына тиісті хаттамамен өтініш беруі керек.
Сондай-ақ әскери колледждердің түлектері қорытынды аттестаттаудан өтсе, колледжде алған біліміне сәйкес мамандықтар бойынша әскери институттарға түсе алады.
Бұйрыққа жедел-тактикалық деңгейдегі магистратура және докторантура ұғымдары енгізілмек. Бұл ең үлкен басқарушылық тәжірибесі бар офицерлерді оқытуға мүмкіндік бермек.
Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 14 желтоқсанға дейін көпшіліктің талықлауына ұсынылып отыр.