Сокка, Ыстық, Апат. 12 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 июня, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстан тарихта тұңғыш рет соккадан әлем чемпионы атанды.

11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Германияның Эссен қаласында соккадан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчы өтті. Қазақстан мен Украинаның командалары кездесіп, отандық құрама жеңіске жетті.

Бірінші голды оныншы минутта қазақстандық спортшы Абай Елемесов соқты. Ал, он төртінші минутта Алтынбек Мырзабеков екінші гол салды. Содан кейін Украина командасы да есепті теңестіріп, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтан кейінгі уақыт біздің құраманың пайдасына аяқталып, ойынның қорытынды есебі 4:3 құрады. Қазақстан командасы өз тарихында бірінші рет соккадан әлем чемпионы атанды.

2022 жылы ұлттық команда финалдық матчта Бразилияға есе жібеген (0:3) болатын.

Құтты болсын!🔥

2️⃣ Алдағы күндері 40°C ыстық болады.

Алдағы күндері республиканың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді, ал батыста, керісінше, 40 градус аптап ыстық болады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

14 маусымда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтілуде.

Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндіз +17+25 дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Еліміздің батысында 13-14 маусым аралығында күндіз аптап ыстық болады – сынап бағанасы +40+41°C дейін көтеріледі

Сақ болыңыздар!📌

3️⃣ Абай облысының әкімдігі алапат өрттен зардап шеккен адамдарға көмек жинап жатыр.

Бұдан бөлек, басқа да ұйымдар ақша және азық-түлік жинауға кірісті.

«Қайырымдылық көмек арнайы есепшотқа түседі. Барлық ақша Абай облысында алапат өрттен зардап шеккендерге таратылады», — делінген ресми хабарламада.

Гуманитарлық көмекті жинауға тек мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де атсалысып, жерлестеріне тұрақты түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы басқа бірінші кезекте қажет заттарды жөнелтіп жатыр.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🙌🏻 Қиын күнде бір-бірімізді қолдайық!