Спектакль, Инстаграм, Министр. 2 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 августа, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Түркияда Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды.

«2 тамызда Instagram.com* сайтына кіру Ақпараттық технологиялар және байланыс кеңесінің шешімімен бұғатталды», — деп жазылған хабарламада.

Дегенмен, бұғаттау себептері мен оның ұзақтығы көрсетілмеген.
Әлеуметтік желіге жұма күні таңертеңнен бері мобильді құрылғылардан да, компьютерлерден де кіру мүмкін емес.

Мұндай заңға қалай қарайсыздар?😶

2️⃣ Қазақстаннң сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді.

Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр.
«Бұл елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.

Ал төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл байланысқа шығу қажет.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:
+7 7172 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстанның Ливандағы елшілігінің байланыс нөмірлері:
+ 961 04 713 447 (кезекші)
+ 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)
+ 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp).

Абай болыңыздар!📌

3️⃣ «Гауһартас» спектаклі Мәскеуде көрсетілді.

Астананың Мәскеудегі Мәдениет күндері аясындағы іс-шаралардың екінші күні «Гауһартас» спектаклі көрсетілді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Астана әкімдігі Жасөспірім көрермендер музыкалық театрының әртістері Драмалық өнер мектебінің сахнасында жазушы және драматург Дулат Исабековтің «Гауһартас» повесін сахналады.

Режиссер Асхат Маемиров «автор өз туындысын 1967 жылы Мәскеу қаласының түбінде әскер қатарында қызмет етіп жүргенде жазған» деген қызықты деректі бөлісті. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті, бірақ бір қазақ отбасындағы өзара қарым-қатынастар туралы сюжет өзектілігін жойған жоқ.

1975 жылы повестің желісімен көркем фильм түсірілді, ал 2023 жылы туынды театр сахнасына жолдама алды. Қызықтысы, спектакльдегі «Құдаша» халық әнімен бидің видеосы алғашқы көрсетілімге дейін-ақ әлеуметтік желілерде миллионнан астам қаралым жинады.

Тамаша!👍