Спорт, Декларация, Оффлайн. 14 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 декабря, 2023


А

Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,9 млн қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі.

2024 жылы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары сынды шамамен 3,9 млн адам декларация тапсыруға міндеттеледі. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов биыл екінші кезеңде — мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайларын қосқанда шамамен 2,1 млн адам қамтылғанын жеткізді. Ал үшінші кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. Бұл шамамен 3,9 млн адамды қамтиды.

Төртінші кезеңде — 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылым қызметшілері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер және басқалар) ұсынатын болады.
Мұнда 6,4 млн астам адамды қамту жоспарлануда. Жалпы алғанда, жалпы декларациялау жүйесіне 13 млн жуық адам кіруі қажет.

☝🏻 Жаңа заңның шарттарымен таныстыңыз ба?

2️⃣ Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Қазақстандық ауыр атлет, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло жарыстардан уақытша шеттетілген.

Жарыстан тыс кезеңде алынған міндетті допинг-бақылаудан кейін ауыратлет спорттық қызметтен уақытша шеттетілген. Оның сынамасынан «Метандиенон» анаболикалық стероид белгілері байқалған. Егер, спортшының допинг қолданғаны расталып жатса, ол тағы сегіз жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Оған допинг қолданды деген айып тағылды.😯

3️⃣ Алматылық оқушылар оффлайн оқуға қайта оралады.

Алматы қаласының Білім басқармасы 15 желтоқсан күні 0,1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін мәлім етті.

Синоптиктердің болжауынша, 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20 градус, күндіз -6-8 градус аяз.

Айта кетейік, 13-14 желтоқсанда ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқыды.

Яғни, оқушылар ертеңнен бастап мектепке барып оқиды.📌