Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстан ғалымдары спортшыларға арналған ерекше қоспаны шығарды
Мамандандырылған емдік-профилактикалық тамақтану өнімдері спортшылар мен зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, өнімнің сынақ партиясы жақсы өндірістік тәжірибеге сәйкес салынған шағын зауытта шығарылды.
Жаңа тағамдық өнім жасушаларды зақымданудан қорғай отырып, тотығу стрессімен күресуге көмектеседі. Ол сондай-ақ жасқа байланысты аурулардың дамуын бәсеңдетуге және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуге көмектесіп кісінің физикалық және психикалық өнімділігін арттыруға көмектеседі.
“Барлық өнім Қазақ тағамтану академиясында міндетті сараптамадан өтіп, арнайы диеталық өнім ретінде тіркелді. Жоба бойынша жұмыс әзірлеу, тестілеу және сертификаттау кезеңдерін қоса алғанда үш жылға жуық уақытты алды”, — деді жоба жетекшісі, NU NLA аға ғылыми қызметкері Серғазы Шыңғыс.
Өз ұйымдастырған компанияның зертханасында қорытынды зерттеулер жүргізілген болатын.
Ал бірінші ғылыми зерттеулер Nazarbayev University жанындағы National Laboratory Astana зертханаларында басталған. Адамның қажеттіліктеріне байланысты «Hormesis Oxy» жалпы атауымен үш өнім сериясы әзірленді: кәсіби спортшыларға, ересек жастағы адамдарға және спортпен тұрақты емес айналысатындарға арналған. Болашақта халықаралық нарыққа шығу арқылы өндіріс пен өнім түрлерін кеңейту жоспарлануда.
“Өнімдерде полифенолдардың бірегей қоспасы – негізінен өсімдік тектес биологиялық белсенді қосылыстар, гель түзуші агенттер, сондай-ақ адаптагендер мен актопротекторлардың шөп сығындылары бар. Біз тәттілендіргіштер мен калориялық толтырғыштарды алмастыратын пребиотикалық және диеталық талшық болып табылатын полидекстрозаны қолданамыз, бұл біздің өнімдерді қант диабетімен ауыратын адамдарға жарамды етеді”, — деді формуланы тапқан ғалым.
Жаңа тағамдық қоспа өндіріске еніпті👍
2️⃣ eGov.kz-та жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою қызметі іске қосылды
Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлкінің мекенжайын бере немесе жоя алады.
Бұрын осы қызмет үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, анықтама алу керек болатын. Процесті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ автоматтандырды.
«Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді», — деп жазылған компанияның хабарламасында.
Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметке қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауға мүмкіндік береді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі.
Сондай-ақ мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Халықтың шаруасы жеңілдей түсті👍
3️⃣ Республика күніне орай елордада фото байқау жарияланды
Республика күніне орай Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және ЖҚ «Жастар конвенті» әлеуметтік желілерде «Фотокамерадан қала тұрғындарының өмірінен үздік көрініс» байқауын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл байқау арқылы елорда тұрғындары арасында қоғамдық сананың деңгейін арттыру, мәдени кодымызды нығайту және шығармашылық әлеуетті дамыту көзделеді. Қатысушылар өздерінің күнделікті өмірінен, ерекше сәттерінен, тұрғындардың мәдениеті мен дәстүрінен туындаған фотосуреттерді ұсынып, елорда өмірінің әрқилы көрністерін көрсету мүмкіндігіне ие болмақ.
Байқау мақсаты – Елорда тұрғындарының өмірінің сәттерін, күнделікті тіршілігін, мәдениетін, әдеп-ғұрпын және ерекше көріністерін фото арқылы көрсету.
Байқауға қатысу талаптары:
Байқауға 14 жастан асқан Астана қаласының тұрғындары қатыса алады;
Әрбір қатысушы 1 фотожұмыс ұсына алады;
Фотожұмыстар тек қатысушының жеке туындысы болу керек. Авторлық құқықтарға қайшы келетін жұмыстар қабылданбайды;
Фотожұмыстар бұрын басқа байқауларға жарияланбаған және жүлделі орын алмаған болуы керек;
Қатысушы фотожұмысты 9-20 қазан аралығында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салуы керек;
Фотожұмыстар жоғары сапада түсірілген және авторлық сипаттамасы болуы керек;
Байқауға қатысушы әлеуметтік желідегі @Elorda_madeni.kod аккаунтын белгілеп, осы аккаунтқа тіркелуі керек.
Байқауға қатысу үшін өз жұмыстарыңызды әлеуметтік желілерде жариялағанда, міндетті түрде төмендегі хэштегтерді қолданыңыз:
#ҚалаӨмірі
#МеніңҚалам
#ЕлордаСәттері
#ҚалаТұрмысы
#StreetPhotographyKZ
#CityVibesKZ
Байқауға 2024 жылдың 9-20 қазан аралығында жарияланған фотолар қатыстырылады. Қатысушы өз жұмыстарын уақтылы жүктемеген жағдайда одан кейін байқауға қатысу мүмкіндігі болмайды.
Фотолар оригиналдылық пен креативтілік; фотосуреттің тақырыпқа сәйкестігі; техникалық сапасы; көркемдік мәні мен мазмұны критерийлері бойынша бағаланады.
Авторлық құқықты бұзатын, басқа адамның меншігінде деп танылған фотосуреттер байқауға қатысудан шеттетіледі.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау жөнінде қосымша сұрақ бойынша 8-707-498-57-02 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Сіз де бақ сынап көріңіз!🔥