Спорт, Клуб, Құрбандық. 11 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 июня, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан VIII «Азия балалары» ойындарына 19 спорт түрінен атлет жібереді.

25 маусым мен 7 шілде аралығында Ресей Федерациясының Якутск қаласында (Саха Республикасы) VIII «Азия балалары» халықаралық ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы кешенді жарыста 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл мақсатта 16 спорт нысаны іске қосылады.
«Азия балалары» ойындарына елімізден 19 спорт түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы, 6 төреші барады.
Делегация басшысы – Дияс Абайұлы Укмет. Барлық аккредитация 1 маусымға дейін өткен. Қазір жас спортшыларымыз ойынға дайындалып жатыр.
Қазақстандық делегация:
1.
Баскетбол 3х3 – 8 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы (10 адам).
2.
Бокс – 17 спортшы (қыздар, ұлдар), 5 жаттықтырушы, 1 төреші (23 адам).
3.
Волейбол – 24 спортшы (қыздар, ұлдар), 6 жаттықтырушы және 1 төреші (31 адам).
4.
Дзюдо – 17 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (20 адам).
5.
Жеңіл атлетика – 26 спортшы (қыздар, ұлдар), 6 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (33 адам).
6.
Үстел теннисі – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (7 адам).
7.
Жүзу – 14 спортшы (қыздар, ұлдар), 4 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (19 адам).
8.
Нысана көздеу – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы, 1 команда өкілі және 1 төреші (8 адам).
9.
Самбо – 12 спортшы (қыздар, ұлдар) және 2 жаттықтырушы (14 адам).
10.
Еркін күрес – 16 спортшы (қыздар, ұлдар), 4 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (21 адам).
11.
Грек-рим күресі – 7 спортшы және 2 жаттықтырушы (9 адам).
12.
Стенд ату – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 төреші (7 адам).
13.
Таеквандо – 10 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы, 1 команда өкілі және 1 төреші (14 адам).
14.
Көркем гимнастика – 7 спортшы, 2 жаттықтырушы және 1 төреші (10 адам).
15.
Шахмат – 4 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (7 адам).
16.
Құзға өрмелеу – 6 спортшы (қыздар, ұлдар), 2 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (9 адам).
17.
Го – 2 спортшы, 1 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (4 адам).
18.
Алыш – 9 спортшы (қыздар, ұлдар), 3 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (13 адам).
19.
Кураш – 9 спортшы (қыздар, ұлдар), 3 жаттықтырушы және 1 команда өкілі (13 адам).

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!🙌🏻

2️⃣ «Атлетико Мадрид» клубының президенті Тоқаевқа жейде сыйлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады.

Кездесу кезінде мемлекет басшысына «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін ерекше атап өтті. Ал Энрике Сересо Торрес «Атлетико Мадрид» футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді
Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға басымдық беріледі.

«Атлетико Мадрид» футбол академиясы Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Akbulak» олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынып жатыр.

Тамаша!😍

3️⃣ Құрбандықты онлайн форматта шалуға болатын арнайы сайт іске қосылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты.

Сайт қызметін төралқа мәжілісінде ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы таныстырды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз», — деп жазылған хабарламада.

Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.
Айта кетері, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Енді осы жүйе бойынша құрбандық шалуыңызға болады👍