Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан 3 қазақстандық спортшы алтын медаль алды
Нақтырақ айтсақ, көкпар, дәстүрлі садақ ату, аударыспақ, мас-рестлинг, асық ату, кураш және қазақ күресінен басеке басталады.
Көкпар
9 қыркүйек көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.
Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.
Дәстүрлі садақ ату
Бүгін «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. Бұл сында 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.
Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі.
Олар:
Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік);
Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік);
Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).
Аударыспақ
Аталған басеке ипподром маңындағы этноауылда өтеді. Аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелген. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
Мас-рестлинг
Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысады. Аталған спорт түріне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 8 спортшы сынға түседі.
Олар – Темірлан Шамет, Асылмұрат Бірімжан, Владислав Герасимов, Бердіқұл Алтай, Еркебұлан Ерлан, Жансая Рахметуллаева, Тахмина Гожамбердиева және Ольга Душаева.
Мас-рестлинг спортынан бәсеке екі күн болады.
Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.
Асық ату
Асық атудан сынға түсетін спортшылар да жеребе тартып, қарсыластарын анықтады. Олар «Алау» мұз айдыны сарайында бәсекеге түседі. Асық атудан 12 мемлекеттен келген 39 спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Асық атудан ел намысын 8 асық атушы қорғайды. Олар – Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нурланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан.
Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.
Кураш
«Алау» мұз айдыны сарайында өтетін курашқа 27 мемлекеттен 106 спортшы қатысады. Аталған спорт түрінен балуандар ерлер арасында бес салмақта, әйелдер арасында үш салмақ дәржесінде белдеседі.
Ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Ернұр Сүлеймен, Айбек Қазақбаев, Нұрдін Шаймерден, Бекадил Шаймерденов, Марат Байкамуров, Алтынай Нұрханова, Ажар Салықова және Альбина Бахиева.
Қазақ күресі
Қазақ күресі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Ал аударыспақ ойындарына 9 елден 64 ойыншы қатысты. Оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Мажарстан бар.
60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды. Ол финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.
“Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын”, – деді Ермек Құралбай.
Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек те алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, аударыспақтан 80 келі салмақта сынға түскен Дарын Өткелбай алтын медальға ие болды.
Құтты болсын! Бүгін спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсті.
2️⃣ Елімізде ойын бизнесі мен лотереяларды реттейтін комитет құрылды
ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетін қайта құрып, одан құмар ойындар мен лотереяларды реттеу жөніндегі комитетті жеке шығарды. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы бекітілді.
“Туризм индустриясы комитеті ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяларды реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылды”, — делінген қаулыда.
Комитеттің функцияларына ойын қызметтері мен оларды пайдаланушылар туралы ақпарат жинау, салалық мәселелерді жедел шешу және заңнаманы сақтау кіретінін атап өткен жөн.
Туризм және спорт министрлігінде енді үш департамент болады:
* Спорт және дене шынықтыру комитеті;
* Туризм индустриясы комитеті;
* Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті.
Керемет бастама👍
3️⃣ Этноауылдарға үш күнде 70 мыңнан астам адам кірді
3 күн ішінде этноауылдарға 70 мыңнан астам елорданың тұрғыны мен қонағы кірген.
Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан.
10 гектар аумақта «Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылды. Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары.
Этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын Шығыс базары ұйымдастырылған. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.
Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Алматы ауданында этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол 10.00-ден бастап ашылады, 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін ашық.
Нұра ауданының аумағында этноауыл орталық саябақта ашылды. Сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Этноауыл «Қазақстандық күн» монументінен (сағаты бар монумент) субұрқақ тостағанға дейін өтеді. Аллея бойымен өтіп бара жатып, тұрғындар мен қонақтар әртүрлі ұлттық ойындарға қатысу арқылы өздерінің күші мен ептілігін тексере алады.
Елорда тұрғындары, қонақтары мен ойын қатысушылары үшін барлық этноауылға кіру тегін. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық жарыстарына билеттермен ғана кіруге болады.
Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр😍