Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Алматылық робот құрастырушы оқушылар Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды.
23-25 ақпан күндері Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі “Central Asia FIRST Tech Championship” чемпионатына қатысып, бақ сынасты.
Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша №124 мектептің “Team 124” командасы “Winning Alliance 2nd pick” және “THINK AWARD 2st place” номинациясын және Лондонда өтетін халықаралық “UK first championship 2024” жарысына қатысуға жолдама, ал №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбек Томирис АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін “2024 FIRST Championship, Houston” жарысына қатысуға сертификат жеңіп алды.
Талантты жастарымызды құттықтап қояйық!😍👏🏻
2️⃣ Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады.
Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге байланыс өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады.
Заң жобасына сәйкес, байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологияларды пайдаланғаннан кейін хабарламалар тұрғындарға уақытында жетпеген еді. Жаңа норма болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында қабылданып отыр.
Сондай-ақ байланыс операторлары жедел штабқа олардың өтініші бойынша мобильді байланыс станцияларын беруге міндеттеледі.
«Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін», — дейді депутаттар.
Сондай-ақ байланыс операторлары мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтерін енгізеді.
Дұрыс болды!👍
3️⃣ Қазақстандық ғалымдарға жаңа үстемеақы төленеді.
Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов қазіргі таңда ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде істейтін ғалымдар PhD докторы, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемеақы алады. Енді заң жобасы бойынша оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр.
«Мысалы PhD докторы, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемеақы ретінде алады. Ал енді ол ғылым докторы болса және қазір 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге қосымша ақы алатын болады», — деді Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында.
Ғалымдардың санын арттыру үшін, осындай бастамаларды қолдау керек!🔥