Странджа, Әскери, Автокредит. 23 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!

1️⃣ Жеңілдетілген автокредит бойынша 200-ге жуық қазақстандыққа көлік табысталды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы жұмысының аралық қорытындысы туралы хабарлады.
6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшерінде револьверлік қаражатқа Бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінген болатын.
«2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады (жалпы саны 761 адам)», – деп мәлімдеді Өнеркәсіпті дамыту қоры.

Соның ішінде 195 қатысушы өз көліктерін алған. Жалпы сомасы 1,696 млрд теңгені құрайды. Қарыздың орташа мөлшері – 8,7 млн теңге.

Ал сен ала алдың ба?🙂

2️⃣ Қазақстанда әскери ұшқыштардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі.

Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

«Үкімет мынадай бастамаларды қолдады: Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру де үкімет тарапынан қарастырылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Жалақы 30%-дан аса көтеріледі» – дейді Сұлтан Камалетдинов.

Яғни, жалақылары 30%-дан астамға өседі.📌


3️⃣ Бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты.

Кіші әлем чемпионатында О.Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта екінші кездесуін бразилиялық Луис Оливейрамен өткізді.
Л.Оливейра алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионы, америкалық Джамал Харвиді ұтып кеткен еді.
Бұл жолы 1/8 финалдық кездесу қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Төрешілер жеңісті Оразбекке берді, есеп – 3:0.

Жеңіс тілейміз!🙌🏻👍