Жансая Әбдімәлік, Алмат Жұманов, Азия чемпионаты. 20-шы сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 апреля, 2022


♟Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды.

Алдағы уақытта федерация жұмысын төрт бағытта дамытуды жоспарлап отыр.

Жансая Әбдімәлікті жаңа қызметімен құттықтаймыз!👏🏻

💪🏻 ✈️ Қазақстандық спортшы Алмат Жұманов салмағы 24 жарым тонна әскери ұшақты орнынан қозғап, Қазақстанның рекордтар кітабына үшінші рет енді.

Ол әскери ұшақты 1 метрге дейін жылжытты. Спортшы Қазақстанда ұшақ сүйреген алғашқы адам.

Спортшының ұшақты орнынан қозғаған видеосын тамашалай алдың ба?😍

🤼 Грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан финалға шықты.

Олар Мейіржан Шермахамбет, Абылайхан Әмзеев және Диас Қален.

Финалдық сайыстар елорда уақытымен 16:00-де басталады. Сен де жіберіп алма!