Дауысты ашуға арналған жаттығудың маңызы

Автор: редактор 14 Қараша, 2022


👥 Коммуникацияның негізгі бөлігі ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу, пікір алмасу бұл кезек күттірмейтін міндет. Өтімді дауыс жұмыс барысында әдемі келіссөз жүргізуге, кез келген адаммен пікір алмасуға, эмоцияны білдіруге және ақпарат жеткізуде өте қажет.

Жалпы, әдемі дауыс сізге жеке және кәсіби өміріңізде айтарлықтай артықшылық береді.

Егер сіз дауысыңызды түрлі екпінге салғыңыз келсе, даусыңыздағы кемшіліктерден арылғыңыз келсе, дауысыңыз тым жай шықса cізге біздің дауысқа арналған жаттығуларымыз көмектеседі!

🔴 Ал дауысқа арналған жаттығулар сізге не береді?

🔺 Ұзақ уақытқа созылатын әңгімелер мен жиындарда даусыңызды жоғалтып алмауға;

🔺 Даусыңызды басқара білуге;

🔺 Психологиялық соққыларға тойтарыс беруге;

🔺 Әдемі дауыс қалыптастыруға;

🔺 Дауыс ауқымын кеңейтуге көмектеседі.

🔴 Ендеше назрларыңызға дауысқа арналған алғашқы жаттығуымызды ұсынамыз.

✅ Қалыпты жағдайда – басыңызды түзу ұстаңыз. Үзілмелі дауыссыз б, п, д, т, г, к дыбыстарын а, о дауысты дыбыстарымен тіркестіріп кезекпен кезек айтып көріңіз.

Мәселен, Бао тао рао Пао гао лао Дао као мао нао.

Бұл жаттығуды әуендетіп жоғары және төменгі екпінде айтқаныңыз дұрыс.