АЛМАТЫ:
🎄 «Новогодний Крафт Марке» жәрмеңкесі
Бұл іс-шарада келушілер қолөнер шеберлігін көрсетіп, өз қолдарымен белгілі бір дүние жасай алады. Сонымен қатар қажетті затын сатып алып әрі сата алады. Жәрмеңке қонақтарын не күтеді? Кулондар мен ойыншықтарды жасап үйренетін шеберлік сабақтар, мерекелік фото-аймақтар және тағы басқа қызықты дүниелер күтеді.
Орны: event Space Forum, RTC Forum, Сейфуллин көшесі, 617
Күні: 24-25 желтоқсан.
Уақыты: 12:00-20: 00
👂 Q-Lab аймағында » Слышь!» атты театр зертханасы
Q-Lab ұжымы барша жанды коммуникация дағдарысын зерттеп, оны бүгей-шүгесіне дейін түсіндіріп, маңызды сұраққа жауап беретін орындаушылар тобына қосылуға шақырады. Бұл жерде мына сұрақтар қарастырылады: «Біз не туралы айтамыз? Біз қандай жағдайда үнсіздік танытамыз? Біз бір-бірімізді естиміз бе?». Зертхана аясында, қатысушылар мен жаттықтырушылар бұл мәселені актерлық әрі режиссерлік қабілеттері арқылы ашып, талқыға салады.
Мұнда қатысушылардың білімі мен қызметі маңызды емес.
Орналасқан жері: Q-Lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90
Күні: 24 және 25 желтоқсан.
Уақыты: 09: 00-18: 00.
🚶🏻Occupy Steppe қазақ заманауи өнерінің step by steppe жобасын ұсынады
Бұл жаңадан бастаушы коллекционерлерге арналған таптырмас жоба. Оған бес қазақстандық автор қатысады. Атап айтатын болсақ, Арыстанбек Шалбаев, Аружан Жұмабек, Ләззат Ханым, Мөлдір Сағындықова және Ғалымжан Балсары. Авторлардың жұмысы step by steppe көрмесі үшін арнайы жасалған.
Орны: Республика алаңы, 2/1
Уақыты: 11: 00-20: 00. 24 және 25 желтоқсан.
🙇🏻♀️»Пластикалық құндылықтар» көрмесі
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8
🕰️ «Уақыт қызықтары» көрмесі
Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі, 92
✨»Әлем палитрасы» көрмесі
Орны: Спорт сарайы. Балуан Шолақ, «Триумф»галереясы
🌟»Фантомная быль» көрмесі
Орналасқан жері: Асп галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 140а / 3
АСТАНА:
🎪 Мұрат Мутургановтың цирк, театр және музыкалық қойылымдары бар жаңа жылдық шоуы.
Орны: Әбу Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 60/5
Уақыты: 15.00, 17.00 және 19.30. 24 және 25 желтоқсан.
❄️ «Astana Mūz Fest» қысқы фестивалі
Фестивальде сізді ересектер мен балаларға арналған түрлі іс-шаралар күтеді. Нақтырақ айтсақ, мұз мүсіндері байқауы, сырғанақтар мен мұз айдындары, концерттік бағдарлама, сыйлықтар конкурстар.
Орны: ЭКСПО алаңы
Уақыты: 18: 00. 18-25 желтоқсан.
👧 Kidburg балалар орталығының қойылымы. Мұнда трюктер, қызықты билер мен ойындар ұйымдастырылады.
Орны: Әбу Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 60/5
Уақыты: 13.00 және 16.00. 24 және 25 желтоқсан.
🌟 «Ярко светящийся…» көрмесі
Көрмеге 60-тан астам экспонат қойылады. Яғни, б.з.д. ХVI-ХV ғ. және б.з. VII-VIII ғ. түтін бомбалары, VII-VIII ғ. құрбандық түтініне арналған ыдыстар, VII-ХІІІ ғ. тұтқалары бар шамдардың негіздері, ХІІ-ХІІІ ғ. саздан жасалған дәстүрлі ошақтар, ХІ-ХVIII ғ. археологиялық қазбалардан жасалған шамдар, қоладан жасалған шамдардың түпнұсқалары 2018-2020 жылдары Күлтөбе қалашығының археологиялық қазбаларынан ХVІ-ХІХ ғ. шамдарын көруіңізге болады.
Орны: Қазақстанның Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Уақыты: 10: 00-18: 00. 10 желтоқсан — 9 қаңтар.