Сөйлеу өнерінде “өлең оқудың” маңызы қандай?

Автор: редактор 07 декабря, 2022


🟢 Сөйлеу өнерінде өлең оқудың артықшылығы жоғары. Бұл дағды адамға кез келген жерде еркін, діттеген ойын тура әрі қызықты жеткізуге көмектеседі. Себебі өлең оқығанда сіз еркіндікке қол жеткізесіз. Сонымен қатар бойыңыздағы қысылу мен ауырлық сезімінен арыласыз.

◻️ Өлеңнің табиғатын, әуенінің әуезділігін сезінбей, шығарманың идеясы мен мазмұнын жеткізбей, оның оқылу заңдылықтарын меңгермей тыңдарманның жүрегіне автордың айтар ойын жеткізу мүмкін емес. 

◻️ Біле жүріңіз, өлең оқуда оны жүрекпен сезінумен қатар, дауыс бояуы да үлкен рөл атқарады. Сол себепті алдымен дауыс түрлерін анықтап алғаныңыз жөн. 

1️⃣ Темір немесе қатты дауыс. Бұл — дауыстың қаттылығы мен қуаттылығын білдіреді.

2️⃣ Жұмсақ дауыс – өзіне еліктіріп, тартып тұрады. 

3️⃣ Әуенді, сыңғырлаған дауыс — темпераментті, сезімтал адамдарға тән. Көбіне мұндай адамдар жайдары болып келеді.

Ал сіздің дауысыңыз қандай?🤔