Су, Автонесие, Виза. 2 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 Мамыр, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің қатарына кіруі мүмкін.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазір аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу.

«Қазір бұл көрсеткіш қалаларда – 98 пайыз, ауылдық елді-мекендерде 94 пайызды құрап отыр. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Бұл ретте суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр. Ал көптеген азамат суды үнемдегісі келмейді», – деді Смайылов.

Судың қадірін білейік🙌🏻

2️⃣ Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қытай азаматтары өткен жылдың жазынан бастап Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіре алады. Қазақстанға қытай туристері көп келіп жатқан жоқ. ҚХР азаматтары жаппай келіп жатыр деген қауесет негізсіз», – деп түсіндірді Смадияров.

Оның айтуынша, визасыз режим екіжақты болады, яғни Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады.

«Бұрын Қытайға кіру үшін кезекте тұрып, консулдық алымды төлеу керек еді, ал визасыз режим енгізілгеннен кейін бұл қажет емес», – деп атап өтті спикер.

Қазақстан мен ҚХР азаматтары екі елдің аумағында визасыз шектеулі уақыт – 30 күнге дейін бола алады, деп толықтырды СІМ ресми өкілі.
Оның айтуынша ұзақ уақыт болу үшін визаны алдын-ала рәсімдеу қажет.

📌 Яғни, тек туристік және іскерлік мақсатта бара алады.

3️⃣ Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жаңа шарттар бойынша қайта қаралады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осы мәселені толық тарқатып айтты.

Оның айтуынша, бағдарламаға төрт тармақ бойынша өзгеріс енгізіледі.

Бірінші мәселе – бастапқы жарна болса, екінші мәселе бойынша қоғам мен БАҚ-тың талабына сәйкес көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады.

Ал үшінші тармақ – бағдарламаға қатысу үшін қандай көліктерге рұқсат етілетіні бойынша өзгерістер енгізіледі.

Төртінші тармақ – өтініш берушінің ең жоғары жалақы шегіне қатысты болмақ.

Осы жолы үлгеріп қалыңыз📍