Су, Жауын, Димаш Құдайберген. 9 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 апреля, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды.

Өнер иесі төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты.

Ол “Демеу Қазақстан” қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.
Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.

Бәрекелді! Көпке үлгі — игі іс!👍

2️⃣ Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек беру және мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады.

«Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға осы жылдың II тоқсанында АӘК автоматты түрде ұзартылады. Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электронды үкімет порталы арқылы жүгіне алады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар үшін мына қызметтер автоматты түрде ұзартылады:

мүгедектік мерзімдері,

жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі,

кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;

оңалтудың жеке бағдарламалары.
Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақы бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша төленеді.
Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.
Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Еліміздегі табиғи апаттың тезірек беті қайтса дейміз!🙌🏻

3️⃣ Алматыда алдағы екі күн бойы жауын жауады.

Алматыда нөсер жаңбыр кезінде су басуды болдырмау үшін 465 арнайы техника мен 820 жұмысшы жұмылдырылады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін жауын-шашын жауады деп болжанып отыр.

«320 жұмысшы мен 96 арнайы техниканың күшімен судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арық желілерін, арық өткелдерін және қоқысқа арналған «ойық жерге» тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және проблемалық учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін шанц құралымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Күндіз 465 арнайы техника, 29 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылады», — деп хабарлады әкімдікте.

Сондай-ақ, әкімдік ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес берді. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұрады.

Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.

Айта кетейік, Қазгидромет болжамы бойынша ертең де жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +17…+19°С болады.

Абай болыңыздар!📌