Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстонияда күміс жүлде иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Эстонияда өткен халықаралық Tallinn Trophy турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Қысқа бағдарламадан соң Софья үшінші орында келе жатқан.
Сөйте тұра еркін бағдарламада ол жағдайын жақсартып, жарысты екінші орынмен аяқтады. Қорытындысында Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды Пинзаррон (Бельгия) иеленді — 192,48. Үздік үштікті Сара-Мод Дюпуа (Канада) түйіндеді — 163,58.
Құтты болсын!🔥
2️⃣ Енді жүргізушілер курсын аяқтағаны туралы куәлік электронды нұсқағаді
Жүргізуші куәлігін алу процесі жақын арада өзгеріске ұшырайды. Жүргізушілер курсын аяқтау туралы куәлік енді электронды форматқа ауыстырылатын болады. Бұл өзгеріс елімізде жүргізуші даярлау сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жүргізушілерді даярлау процесі мен үміткерлердің тіркеуі Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл шара куәліктерді мерзімінен бұрын беру және олардың жалған болуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізушілерді оқу курстарын тәмамдағаны туралы куәліктердің электронды түрде берілуі алдағы уақытта жалған құжаттар мәселесін шешуге көмектеседі.
Жалған медициналық анықтамалардың алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі бұл құжаттарды да электронды форматқа көшірді. Бұдан бөлек, автомектептерді ашу үшін рұқсат беру тәртібі қайта енгізіліп, жүргізушілерді даярлау сапасын көтеру үшін қосымша шаралар қолға алынған.
Бұған қалай қарайсыз?🤔
3️⃣ Әке болайын деп жүрген азаматтар әскерге шақырылмайды
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жаңа заңдағы әскерден босату туралы норманы түсіндірді.
Қазіргі уақытта, егер мерзімді әскери қызметке шақырылған адамның жұбайы босанған болса, ер адамды әскерден үйіне қайтаруға болады.
Жазықбаевтың айтуынша, егер жас жұбайлардың баласы өмірге келейін деп жатса, болашақ әке әскерге шақырылмайды. Заңда бұл жағдайға байланысты нақты апта саны көрсетілген.
Сонымен қатар мәжілісте қабылданған заңда әскерден жалтаруды тоқтату үшін қосымша шектеулер де енгізілген.
Жаңа заңға көңіліңіз тола ма?👍