Құтқарушылар, Темекі, Боксшылар.19 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!

1️⃣ Алматылықтар Түркиядан келген құтқарушыларды әуежайдан күтіп алды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.

«Түркия Республикасының АFAD жер сілкінісі салдарын жою дағдарыс орталығымен келісіліп, Қазақстан Республикасы ТЖМ күштерімен іздестіру-құтқару жұмыстары барлық нысанда аяқталды, күштер топтамасы тұрақты орналасқан пункттерге қайтарылады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.

Бұл құтқарушылардың алғашқы тобы🙌🏻

2️⃣ Темекі қорабының сыртында оның зиянды екенін ескерту мақсатында орналастырылатын суреттер өзгермек.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында көрсетілген.

«Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электронды жүйелер және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері бекітілсін», – деп жазылған бұйырықта.

Құжатқа сәйкес, енді темекі бұйымдарының сыртында мына ескерту суреттері орналастырылады:
Бұйрықты ашық талқылау 3 наурызға дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін пульмонолог-дәрігердің кеңесін жариялап едік. Оның айтуыша, электронды темекі қарапайым темекіден анағұрлым зиянды әрі қауіпті.

Ал сен қандай сурет қойылғанын қалайсың?🤔

3️⃣ Қазақстандық боксшылар Страндж кубогіне қатысады.

Аталған жарыста қазақстандық 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Бекзад Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды тәжірибелі спортшылар бар.

Қазақстан құрамасының аталған турнирге қатысатын толық тізімі төмендегіше:

Ернұр Қайрат (48 келі)
Кенже Мұратұлы (51 келі)
Бекзат Алдамжаров (54 келі)
Оразбек Асылқұлов (57 келі)
Ерасыл Таңқай (60 келі)
Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі)
Темірхан Тезек (67 келі)
Асланбек Шымбергенов (71 келі)
Нұрқанат Райыс (75 келі)
Бекзад Нұрдәулетов (80 келі)
Бекзат Таңатаров (86 келі)
Абзал Құттыбеков (92 келі)
Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).
Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өткізіледі.

Керемет!😍🔥