Түкіргендер, Елжана Таниева, кеңсе тауарлары. 18-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 августа, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Елордада жерге түкіргендерді енді камералар бақылайды. Нақтырақ айтсақ, көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады.

Бұл ұсынысты Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары ұсынды. Олар көшеде түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.

Көшеде түкірген тұрғындар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады.

«Тәртіп бұзғандар көлік нөмірі бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіпбұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді», — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Қолдайсыз ба?🤔

2️⃣ Қазақстандық спортшы Елжана Таниева көркем гимнастикадан өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жекелеген жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде ол доппен жаттығуда топ жарды.
Сондай-ақ спортшы шығыршық пен таспа жаттығуында қола медальға ие болды.

Құттықтаймыз!😍👏🏻👏🏻

3️⃣ Қазақстанда кеңсе тауарлары бір жылда 12,3%-ке қымбаттады. Бірқатар өңірде баға 30%-тен астам өскен.

Қазақстанда кеңсе тауарлары бір жылда 12,3%-ке қымбаттады. Бірқатар өңірде баға 30%-тен астам өскен. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Өңірлер арасында қымбатшылық — Түркістан облысында (50,1%) қатты байқалып тұр. Атырау (31,1%) мен Ақмола (14,7%) облыстары, Алматы қаласында да (14,5%) баға едәуір өскен.
Ең төмен жылдық өсім Жамбыл облысында тіркелді: небәрі 1,2%.

Байқап жатсыздар ма?😶