Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Астана әкімдігі тұрмысы нашар түлектердің оқу ақысын төлеп беру үшін құжат қабылдап жатыр.
1 шілдеден 23 тамызға дейін (қоса алғанда) Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы түлектерге қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжат қабылдайды. Бұл жайында елорда әкімдігінен хабарланды.
Жыл сайын Астана қаласының мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі:
— жетім балалар;
— балалар үйінің түлектері;
— бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— көпбалалы отбасынан шыққан балалар (оның ішінде осы жылы үлкен бала — кәмелетке толған кезде білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін);
— асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.
Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандықта жүргізіледі:
— Жалпы медицина;
— Фармация;
— Әлеуметтік жұмыс;
— Сәулет (BIM менеджері дизайнер);
— Электр энергетикасы;
— Дене шынықтыру және спорт;
— Психология;
— Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы);
— Дизайн;
— Ақпараттық жүйелер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту құқығы бар компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы), ақпараттық технологиялар
— Азық-түлік технологиясы;
— Газ жабдықтарына қызмет көрсету инженері;
— Информатика;
— Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (логистика маманы);
— Биотехнология;
— Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
— Мектепке дейінгі оқыту;
— Педагогикалық (математика мұғалімі);
— Педагогикалық (химия және биология мұғалімі);
— Қазақ тілі мен әдебиеті;
— Геодезия және картография (web-картография);
— КИПиА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру);
— Электроника инженері;
— Құрылыс;
— Жылу энергетикасы;
— Ақпараттық қауіпсіздік;
— Көгалдандыру;
— Электронды коммерция;
— Экономика және деректер ғылымы саласындағы бизнес-әкімшілендіру;
— Үлкен деректерді талдау;
— Медиатехнологиялар медиа өнері;
— Сандық медиа менеджменті;
— Жасанды интеллект технологиялары;
— Құрылыстағы цифрлық дизайн;
— Экология және табиғатты пайдалану;
— Гидрология.
Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?
Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып, өтініш беру қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) жиынтық табысты есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәлімет;
3) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) көпбалалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін);
5) туу туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;
7) ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі көрсетілген мемлекеттік сертификат.
8) Екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәлімет.
Айта кету керек, жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек тағайындалады.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
2️⃣ Магистратураға түсушілер арасында “Педагогикалық ғылымдар” мамандығын таңдайтындар көш бастап тұр.
Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды.
Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.
Ең көп таңдалған білім салалары:
* Педагогикалық ғылымдар;
* Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
* Бизнес, басқару және құқық.
Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын.
Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.
Ал сіз қай мамандықты таңдап жатсыз?
3️⃣ Президент Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.
Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.
“Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желбіресе, ұлтымыздың рухы асқақтайды”, – деді Мемлекет басшысы.
Президент спортшыларымызға барлық қажетті жағдай жасалып жатқанына тоқталды.
Тамаша!