Тәрбие, Ақындар, Спортшы. 12 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 сентября, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан мектептерінде алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы басталды.

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша,
Байқау «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.

«Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы» ашық сабақтары басталып кетті», — делінген хабарламада.

Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, деп атап өтті министрліктегілер.

Айта кетері, «Ақындар айтысы» байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады, деп түйіндеді ведомство.

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?😍

2️⃣ Алматыда балаларына дұрыс тәрбие бермеген 23 адам ата-ана құқығынан айырылды.

Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Жыл басынан 357 жасөспірім, сондай-ақ 380 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Бүгінгі таңда есепте 393 кәмелетке толмаған жасөспірім және 583 қолайсыз отбасы бар.
«Қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Кәмелетке толмағанбалалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 23.00-ден кейін) болғаны үшін 5640 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.

Жыл басынан бері комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты түрлі деректер бойынша 250 материал қаралып, 23 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды. Тағы 539 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әр ата-ана балалары үшін арқалаған жауапкершілікті ұмытпаса екен🙌🏻

3️⃣ Елімізде Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.
Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жақын күндері Қытайға аттанады.

Қазақстанның атын әлемге танытатын спортшыларымыз көп болсын!🔥