Түркістандық құрылысшылар, Ең үлкен мешіт, Арли Чонтей. 12-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Түркістандық құрылысшылар 4 отбасына баспана салып берді

Әр отбасына ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады, баспаналар қажетті жиһазбен тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиын жағдайда күн кешіп жүрген жандарды үймен қамтамасыз ету туралы бастама көтеріп, құрылысшыларға ұсыныс жолдаған болатын.

Баспана болуларымен құттықтаймыз!👏👏👏

2️⃣ Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Жаңа мешіт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен үш жылдың ішінде салынды.

Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Ғажап емес пе?!😍😍😍

3️⃣ Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанды

Дүбірлі додада 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс нәтижесінде 253 (114+139) келіні бағындырды.

Айта кетейік, қазірге дейін қазақстандық спортшылар 16 медальмен (7 алтын, 1 күміс, 8 қола) жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.

Құтты болсын! Жаса, Қазақстан!👍👍👍