Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Астанадан Түркияға 4 тонна көмек жіберілді.
Бұл туралы елдің елшілігі мәлімдеді.
Елшілікте киім-кешек және тағы басқа материалдық көмек жиналды. Бұған дейін бірінші партия жіберілгенболатын.
«Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік Әуе Жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғыс білдіреміз!», — делінген елшіліктің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Түркияда зілзаладан қайтыс болған адамдардың саны 20 мыңнан асты. Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға қазақстандық құтқарушылардың екі эшелоны жіберілді. Осы уақытқа дейін олар 7 тірі адамды тапты. Қайтыс болғандардың ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біреуі аман қалды.
Елге амандық тілейміз!🙌🏻
2️⃣ Екібастұздың оқушылары сабақты онлайн оқуға мәжбүр.
Қазір кеншілер қаласында барлық мектеп онлайн форматта білім беріп жатыр. Себебі мектептердің іші салқын.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дүйсіпованың айтуынша, қазіргі кезде жағдай біртіндеп жақсарып келеді. ЖЭС-тан шығатын температура 70 градус болып тұрғанда мектепте 18-20 градусқа дейін жылынады.
Ал қала басшысы Аян Бейсекин барлық проблемалық үйлер мен әлеуметтік нысандар бойынша дайындық жұмыстарының атқарылғанын жеткізді. Мектептерде температураны санитарлық талаптарға жеткізу үшін тағы 2-3 күн керек. Сонда ЖЭС-тан 65-70 градус шықса да, қалыпты температураны ұстауға болады.
Роман Скляр дүйсенбіден бастап оқушыларды мектепке қайтаруды тапсырды.
Сенің өңіріңде ауа арайы қалай?🤔
3️⃣ Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынында тағы үш медаль.
Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.
Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші — 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.
Бұған дейін ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, Элина Михина әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде топ жарды.
Ал ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин, 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды.
Құтты болсын!😍🔥