Төрт боксшы, Референдум, Девин Хэйни. 5-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 июня, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

📌 Төрт қазақстандық боксшы АҚШ-та өткізілген жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл қарсыластарын нокаутқа түсірді.

🥊 Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 💐

📌 Бүгін қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс беруді бастады.

Барлық өңірде Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-де дауыс беру учаскелері ашылды.

Ал сен дауыс беруге бардың ба?🤔

📌 Америкалық Девин Хэйни бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы атанды. Ол австралиялық кіші Джордж Камбососпен жекпе-жекке түсті. Ойын 12 раундқа жоспарланды.

Естеріңе сала кетейік, Аустралияның Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті.

Боксты тамашаладың ба?)