Тағам, Қала, Бокс. 9 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 января, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Геннадий Головкин ең бай 20 боксшының қатарына кірді.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) «ең бай 50 боксшының» тізімінде жиырмасыншы орынға жайғасқан.

Ең бай алғашқы 10 боксшының есімдері:

1.Флойд Мейвезер — $450 миллион
2.Джордж Форман — $300 миллион
3.Мэнни Пакьяо — $200 миллион
4.Оскар Де Ла Хойя — $200 миллион
5.Сауль Альварес — $180 миллион
6.Леннокс Льюис — $140 миллион
7.Шугар Рэй Леонард — $120 миллион
8.Владимир Кличко — $90 миллион
9.Энтони Джошуа — $80 миллион
10.Виталий Кличко — $80 миллион

Керемет!👏🏻

2️⃣ Алматы облысында жаңа қала пайда болды.

Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, енді Алматы облысының Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылады. Оның жаңа атауы – Алатау қаласы.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жетіген (1993 жылға дейін – Николаевка) – Жетіген ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 километр жерде орналасқан.
Шаруа қонысы Іргесі 1959 жылы “Рассвет” сүт өндіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 15 616 адам (7 740 ер адам және 7 876 әйел) тұрды.

5 балабақша, 3 орта жалпы білім беретін мектеп, емхана, православ және католик шіркеулері, мешіт бар. Ауылда аттас теміржол вокзалы бар. Ауылдың солтүстігінде Жетіген аэродромы орналасқан. Ауылда аэродром қызметкерлеріне арналған шағын әскери қалашық та бар.

Құтты болсын!👍🔥

3️⃣ Алматыда мектеп ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілуі мүмкін.

Жоба бастамашысы – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі. Білім мекемесі пилоттық жобаны “Ұлттық салауатты тамақтану орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырады.

“Бүгінгі таңда зерттеу жүргізу үшін №135, №153, №201 үш мектеп таңдалды. Сонымен қатар, аталған мектеп оқушыларының ата-аналарынан рұқсат алынды. Мектептерде антропотологиялық зерттеу өткізілді. Оқушыларымен сауалнама жүргізілді, асхана қызметкерлері оқытылып, тексеріліп, салауатты тамақтануды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл – әзірге тек пилоттық жоба”, — деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Зерттеу жұмыстары 2024 жылдың мамырына дейін жалғасады.

Бұл өзгеріске қалай қарайсыз?📌