Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Келесі жылдан бастап рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха оң жақ рулді такси көліктеріне қатысты шектеулер енгізілетінін хабарлады.
“Көлік министрінің бұйрығы аясында оң жақ рулді көліктердің жаппай жолаушы тасымалымен айналысуына тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Алайда, жеке тасымалдаушылар бұл талаптарды орындамай жатыр. Мәселен, полиция тоқтатқан кезде, жолаушылар осы көліктегі адамдардың туыстары екенін және тойға бара жатқанын айтып, шындықтан жалтарады. Бұл жағдайда полиция қызметкерлері көлік иесінің таксиде екенін біле тұра, ештеңе істей алмайды”, — деді И. Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Министрдің орынбасарының айтуынша, Ішкі істер министрлігі Көлік министрлігімен, InDriver және Яндекс агрегаторларымен тиісті меморандумға қол қойған.
“Бұл меморандумға сәйкес, олар оң рулді және екі есікті көліктерді такси жүйесінде тіркеуден бас тартады. Меморандум талаптары 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді”, — деді министрдің орынбасары.
Осындай өзгеріатер енгізіліп жатыр екен📌
2️⃣ Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы өтеді
Алматыда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу кезінде 25 қазанда сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының (Достық даңғылы, 56) алдында және 21.30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді.
Іс-шара республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бірі және қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынады. Шоу шамамен 20 минутқа созылып, Алматының аспаны жарқыраған тамаша қойылымға айналады.
Дрондар шоуының ұйымдастырушылары 500-ден астам дронды аспанға ұшырып, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін визуалды 3D бейнелерін жасайтын ерекше бағдарлама дайындаған. Жарық қондырғыларын ұлттық бірлік пен мақтаныш рухын айқындайтын музыкалық шығармалар сүйемелдейді.
Сондай-ақ 25 қазан күні сағат 20.00-де Республика күніне орай Көктөбе телемұнарасында мерекелік жарықтандыру қосылады.
Тамаша!😍
3️⃣ Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қант қызылшасының рекордтық көлемде жиналатынын хабарлады.
Бүгінде қант қызылшасы 10 мың гектар жерге немесе жалпы көлемнің 40%-ына жиналды, өнімнің жалпы көлемі 549 мың тоннадан асты. Осылайша, бір гектардан 540 центнер қызылша алынды.
“Биыл қант қызылшасының рекордтық өнімі күтіледі”, — деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері жаңа өнімді қант зауыттарына жеткізу мәселесін қарастырып, әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісінің жинау кестесіне сәйкес қызылшаны қабылдау кестесін жасап қойған. Қазіргі уақытта өңдеуге 432 мың тонна қант қызылшасы жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы министрі жақсы жаңалықты бөлісіпті👍