Tala Shin, Елжана Танеева, Оскар-2023. 13 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ «Оскар-2023» кинопремиясының жеңімпаздары анықталды.

Оскар 95-ші марапаттау рәсімі Лос-Анжелесте болды. Шараның қорытындысы бойынша «Все везде и сразу» картинасы үздік фильм деп танылды, ал фильмнің авторлары Дэниел Кван мен Дэниел Шинерт «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.

«Басты рөлдегі үздік актер»:

1. Остин Батлер – «Элвис» фильмі
2. Колин Фаррелл – «Банши Инишерина»
3. Брендан Фрейзер – «Кит»
4. Пол Мескаль – «Солнце мое»
5. Билл Найи – «Жизнь»

«Басты рөлдегі үздік актриса»:

1. Кейт Бланшет – «Тар»
2. Ана Де Армас – «Блондинка»
3. Андреа Райзборо – «Ради Лесли»
4. Мишель Уильямс – «Фабельманы»
5. Мишель Йео – «Все везде и сразу»

«Үздік картина»:

1. «На Западном фронте без перемен»
2. «Аватар: Путь воды»
3. «Банши Инишерина»
4. «Элвис»
5. «Всё везде и сразу»
6. «Фабельманы»
7. «Тар»
8. «Топ Ган: Мэверик»
9. «Треугольник печали»
10. «Говорят женщины»

«Үздік анимациялық көркем фильм»:

1. «Пиноккио Гильермо дель Торо» – Гильермо дель Торо, Марк Густафсон, Гэри Унгар және Алекс Балкли
2. «Марсель ракушка в туфлях» – Дин Флейшер Кэмп, Элизабет Холм, Эндрю Голдман, Кэролайн Каплан және Пол Мезей
3. «Кот в сапогах» – Джоэл Кроуфорд және Марк Свифт
4. «Морской зверь» – Крис Уильямс және Джед Шлангер
5. «Краснеет» – Доми Ши және Линдси Коллинз
«Ең үздік режиссер»:
1. «Банши Инишерина» – Мартин МакДонах
2. «Всё везде и сразу» – Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт
3. «Фабельманы» – Стивен Спилберг
4. «Тар» – Тодд Филд
5. «Треугольник печали»- Рубен Эстлунд
«Үздік монтаж»:
1. «Банши Инишерина»- Миккель Э.Г. Нильсен
2. «Элвис» – Мэтт Вилла және Джонатан Редмонд
3. «Всё везде и сразу» – Пол Роджерс
4. «Тар» – Моника Вилли
5. «Топ Ган: Мэверик» – Эдди Гамильтон

Ал сенің сүйікті актерың Оскар сыйлығын иеленді ме?😍

2️⃣ Қазақстандық гимнастшы – Елжана Таниева Испаниядағы Гран-придің қола жүлдегері атанды.

Спортшы аруымыз Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан өткен Гран-при жарысында үздік үштікке енді.

Елжана Таниева доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды.
Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген спортшы қыздар иеленді:  Стиляна Николова (35.700), Ева Брезалиева (33.600).

Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжана Таниева ең мықты 8 гимнасшының қатарына енді: құрсаумен (6 орын) және ұршықпен (7 орын).

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Tala Shin Қазақстан табиғатының әсемдігін көрсететін «Бұл Қазақстан, бірақ…» деп басталатын вирусты ролик жариялады.

Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлайды.

«Бұл Қазақстан, бірақ…» деп басталатын видео бір тәулікте видео 366 мың рет қаралып, 20 мыңнан аса лайк жинаған. Видеоның екі нұсқасы бар, біріншісі – қаза тілінде болса, екіншісі ағылшын тілінде. Ағылшын тіліндегі нұсқасы демалыс күндері екі миллионнан аса қаралым жинаған. Өз аккаунтында Талғат видеоның сипаттамасында былай деп жазды: «Қазақстанымыздың бүкіл әлемге қаншалықты әдемі, ғажап екенін, байтақ жерлерге бай екенін көрсетейік!».

«Видео түсіріліміне бір жарым жылдан аса уақыт кетті. Мұны облыстарға сапарлар барысында түсірдім. Бұл идеяны бір оқырманым ұсынды, ол маған осыған ұқсас Пәкістан туралы видеоны жіберді. Сол видеоны көре салысымен монтажға кірістім. Монтажға тура үш сағат уақыт жұмсадым: сенбіде таңғы 8:30-да бастап, 11:30-да Желіге жүктедім. Әрбір локацияның өз ерекшелігі бар, алайда мен біздің көрікті жерлерімізді шетелдік танымал локациялармен салыстырғанда мақтанамын. Шетелдіктер біздің елде бұрын-соңды болмаған жағдайда, сол мекенді салыстыру арқылы мәліметке ие болады. Сосын мен әрдайым «Бізде әдемірек» деп айтамын», – дейді видео авторы Талғат Бекмағамбетов.

Сен тамашаладың ба?🔥