Тау фестивалі,Мерген, Анимация. 28 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Қыркүйек, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ 29 қыркүйек Алматыда Almaty MountFest 2023 тау фестивалі басталады.

Мұнда 29 қыркүйек және 2 қазан аралығында таудың таза ауасымен тыныстап, керемет энергияны сезнуіңізге мүмкіндік бар.

Фесиваль бағдарламасы:

29 қыркүйек сағат 15:00-20:00-де Абай алаңында фестивальдің ашылуы өтеді.

• Салтанатты ашылу салтанаты, DJ-жиындар, конкурстар және тегін шеберлік сыныптары;
• Спорттық жарыстарға қатысушылар үшін бастапқы пакеттерді беру;
• «Таудағы Туризм» тақырыбындағы спорттық іс-шаралар;
• SOM – Shymbulak Outdoor Meetings (гидтерге, тау туризмінің нұсқаушыларына арналған білім беру секторы)

30 қыркүйек сағат «Медеу» СК, «Шымбұлақта” өтетін іс-шаралар:

08:00-16:00

ТУРИАДА 1 – тау жорығы, («Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолының тұрағы)

ТУРИАДА 2 – барлық адам үшін қолжетімді әрекеттер (мүгедектер үшін)

10:00-16:00

DOWNHILL – тау велосипедімен түсу бойынша жарыстар («Шымбұлақ»тау шаңғысы курорты

1 қазан бағдарлама кестесі:

05:30-20:00 – АЛЬПИНИАДА шыңына «Жастар»

10:00-16:00 – SKYRUNNING – тау трассалары бойынша қашықтыққа жүгіру («Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты!)

2 қазан бағдарлама кестесі:

09:30-17:00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
«Тау туризмін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер»

10:00 – 17:30

БІЛІМ БЕРУ КЕЗДЕСУІ
SOM – Shymbulak Outdoor Meetings

17:00 – 19:00

ФЕСТИВАЛЬДІҢ ЖАБЫЛУЫ
Ойын-сауық бағдарламасы және топтың өнер көрсетуі («Шымбұлақ»тау шаңғысы курорты)

Барлық ниет білдіруші жандар аталмыш фестивальге тегін қатыса алады. 😍 Шара 2 қазанға дейін жалғасады.

2️⃣ Қазақстандық мерген Зухра Ирназарова Азия ойындарынан алтын медаль жеңіп алды.

Зухра Иранзарова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, отандасымыз 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинады. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Ирназарова 6-шы, Александра Садуақасова 7-сатыға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы 3 мергенннің нәтижесін қоса есептегенде командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл – Қазақстан делегациясының ХІХ жазғы Азиададағы 2-алтын медалі. Қазір еншімізде 2 алтын, 3 күміс пен 11 қола бар. Еске сала кетейік, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова биыл тамызда Әзербайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.

Қазақстан қоржынында тағы бір алтын! Еліміз медальдар кестесі бойынша 9 орында тұр. Құтты болсын!👏🏻🔥

3️⃣ Алматыда анимация әуесқойлары үшін басталған шеберлік сабағы 29 қазанға дейін жалғасын табады.

Қазақ анимация саласында білімді жетілдіру мақсатында сарапшылар Алматыда шеберлік сабақтары мен практикалық жаттығулар өткізеді. Ұйымдастырушылар бұл шара анимация әуесқойлары үшін тамаша жаңалық болатынын айтады. Шақырылған спикерлер – өз саласында жоғары табысқа қол жеткізген. Олар өз білімімен, тәжірибесімен және табысқа жету құпияларымен бөліседі. Шеберлік сыныбына анимацияда белгілі бір тәжірибесі барлар ғана емес, анимацияны жаңадан бастаушылар да қатыса алады. Бұл таным көкжиегіңізді кеңейтуге және жаңа биіктерді бағындыруға көмектеседі.

Іс-шара бағдарламасы әртүрлі тақырыптарды қамтиды: жобаны әзірлеуден бастап оны халықаралық кинонарықтарда жылжытуға дейін.

Шеберлік және практикалық сабақтары Алматы қаласы, Байзақова көшесі, 280-үй, Smart Point, Freedom Hall мекенжайы бойынша тегін өтеді.

Сіз спикерлерге тікелей сұрақтарыңызды қойып, қызықтыратын тақырыптарыңызды талқылай аласыз. Сонымен қатар басқа қатысушылармен тәжірибе алмаса аласыз. Бұл білім алу үшін ғана емес, ортаңызды кеңейтуге арналған тамаша мүмкіндік.

Ал сіз барып жүрсіз бе?🙃 Анимацияны ұнататын таныстыраңызды хабардар етіңіз!

Алматыда анимация әуесқойлары үшін басталған шеберлік сабағы 29 қазанға дейін жалғасын табады.

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі